Қоғам

Жайық өзеніндегі су қай деңгейде?

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 776 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті.

ц

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткендей, су деңгейі бір тәулікте 8 сантиметрге көтерілді.

Бәйтерек ауданы Январцев елді мекенінде кешегі деңгейде (802 см) қалса, Көшімде 765 (+14), Тайпақ ауылы тұсында 471 (+12) сантиметрге жетті.

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 1 сантиметрге жоғарылаған (821 см, қауіпті шектен 21 сантиметрге жоғары).

Казталов ауданы Жалпақтал ауылында Қараөзен деңгейі 8 сантиметрге көтерілді (627 см, қауіпті шегі – 790-820 см).

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі төмендеп келеді.

Соның ішінде Жайыққа құятын Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 728 сантиметрді (-15, қауіпті шегі – 1300 см) көрсетті.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: БҚО
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз