Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 18 Наурыз 2024

«Жайлы мектеп» жобасына 2,3 трлн теңге бөлінді

мектеп
Фото: из открытых источников

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына бөлінген 2,3 трлн теңгенің игерілуін бақылауға алғанын мәлімдеді. 

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың айтуынша, аталған жоба аясында 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарланған.

«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу болады, деді ол.

Сонымен қатар, нысандарды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Фото: Antikor