Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:24, 14 Қазан 2023

Жазғы Олимпиада ойындарына тағы 5 спорт түрі енгізілді

Олимпиада
ашық дереккөзден

Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында мәлімдеді 

Халықаралық Олимпиада комитеті бірнеше ойын түрлерін 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуді мақұлдады

Ойын бағдарламасына жалаулы футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтбол енгізілді. Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары 2028 жылдың 14 шілдесінде басталып, 30 шілдеде аяқталады.

«Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді», - деді Томас Бах.

 

Тегтер: