Жазғы шомылу маусымы және судағы қауіпсіздік
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түрлі шараларды жүзеге асырып келеді.
Осыған байланысты жүйені цифрландырудың маңыздылығы заман талабы болып отыр. Төтенше жағдай кезінде хабарламаны уақытында алу, құжаттардың цифрлық жүйеде сақталуы, қауіпсіздік мәселелерін цифрлы түрде түсіндірудің өзекті екені даусыз.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда бұл жүйе өте жақсы дамып келеді. Қазірде атқарып жатқан негізгі ауқымды іс-шаралары мыналар: бірінші судағы қауіпсіздік және рейдтер бойынша «Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» акциясы жүргізіліп жатыр. Жазғы шомылу маусымына байланысты ТЖМ қызметкерлері полициямен және еріктілермен бірге су айдындарында, жағажайларда күнделікті рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Әр тұрғынға ұялы телефондарына SMS-хабарламалар жібереліп, қауіпсіздікті сақтау керектігі ескертілуде.
Бұл ретте бақылауды күшейтудің маңызды екені демалыс орындарының иелеріне, жергілікті әкімдіктерге де айтылуда. Рұқсат етілмеген жерлерге шомылғандарға айыппұл салу және балалар лагерьлерінде интерактивті сабақтар өткізу қолға алынған. Қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында жаңа функцияармен жұмыстар істелуде. Кіші көлемді кемелерді (қайықтар, катерлер) мемлекеттік бақылау ТЖМ құзыретіне өткізіліп, су көліктерінің қауіпсіздігі қатаң тексеріліп жатыр.
Бұдан бөлек, сел қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биік таудағы көлдерді бақылау жұмыстары ерекше қадағаланып отыр. Мамандар мұздықтардың еруіне байланысты қауіп төндіруі мүмкін 14 жоғары таулы көлге тұрақты мониторинг жасауда. Бұл ретте автоматты станциялар жұмыс істеп жатыр. Сел қаупін алдын ала анықтау үшін Алматы айналасында 30-дан астам автоматты станция жұмыс істеп тұр, қосымша «Талғар» бассейнінде жаңа заманауи мониторинг кешендері орнатылуда. «Қазселденқорғау» нысандары жаңғыртылып, тау өзендерінің арнасын бұру және қауіпті аймақтардан халықты алдын ала эвакуациялау шаралары пысықталған. Сондай-ақ орман өрттеріне қарсы дайындық жұмыстары да атқарылып жатыр. Цифрлы технологияның көмегімен орман өрттерін ерте анықтау жүйесі қолға алынуда. Орман алқаптарындағы өртті бірден тіркейтін сандық смарт-жүйелер мен дрондар іске қосылуда. Техникалық базаны жаңғырту мәселелері қай кезде де өзекті. Өрт сөндіру қызметі үшін жаңа авиациялық техникалар, тікұшақтар мен 800-ден астам арнайы машиналар сатып алынып, кезекшілікке қойылды.
Жалпы, бұл саланы цифрландыру және заңнамалық реформаларды сүзгіден өткізіп отыру заман талабы. ТЖМ қазіргі уақытта апат кезінде халыққа жедел SMS пен дабыл жолдаудың жаңа ережелерін қоғамдық талқылауға шығарды. Өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа корпоративтік цифрлық жүйелер енгізіліп жатыр.
Әнуар ҚАЙЫРБЕК