Жээнбеков премьер-министр кандидатурасын қайта қарауды ұсынды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламентке Садыр Жапаровты премьер-министр қызметіне тағайындау мәселесін қайта қарауды ұсынды, — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
Мемлекет басшысы жаңадан сайланған парламент спикері Қанат Исаевқа хат жолдаған.
«Онда премьер-министр қызметіне кандидат Садыр Жапаров ұсынған бағдарламаны бекіту, үкімет құрылымы мен құрамын айқындау туралы Жогорку Кенештің (Парламенттің — ескерту) шешімдерін президент аппараты заңнаманың бұзылуына байланысты парламентке қайтарғаны туралы айтылған. Мемлекет басшысы бұл мәселені Жогорку Кенештің кезекті отырысында белгіленген тәртіппен қарауды ұсынды», — делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.