Аймақ

Жел соғып, тұман түседі 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Жас Алаш» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жел соғып, тұман түседі  7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Желдің оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 18 м/с жетеді.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Жел батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз