Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3000 гектарға жуық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «А» ЖШС-не ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ақсу ауданында орналасқан учаскенің ауданы 2910,0 га құрады, делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабының бұзушылықтары анықталды, оған сәйкес ЖШС бір жыл мерзімге орындау үшін міндетті нұсқама берген. ЖШС-ке шығарылған ұйғарымның талаптары орындалмады. Осыған байланысты департамент Ақсу аудандық сотына ЖШС қатысты әкімшілік шараларды қолдану туралы талап арыз жолдады.
Сот қаулысымен ЖШС-ге 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқаны айтылған.