Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:01, 20 Ақпан 2024

Жылдық шығыны 100 миллион. БҚО әкімі VIP-резиденциясында тұрады

БҚО
Әшкере телеграм каналы

Батыс Қазақстан облысының әкімі өңірдің VIP-резиденциясында тұрады. Оның жылдық шығыны 100 миллион теңге.

Бұл туралы "Время" басылымы жазды, деп хабарлады "Әшкере" телеграм каналы.

Бұл резиденция Орал қаласында 20 жыл бұрын салынған. Кешен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарлары кезінде жоғары лауазымды қонақтардың тұруына арналған. Онда шенеуніктер қанша рет түнегені белгісіз.

"Мұндай жағдай сирек екені анық. Әдетте, жоғары лауазымды шенеуніктердің аймаққа іссапарлары қысқа мерзімді және жұмыс күнімен шектеледі", - дейді басылым тілшілері.

Бұл туралы облыс басшысы Нариман Төреғалиев 2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында хабарлапты. Белсенді жұмыс істемегеніне қарамастан, облыс резиденцияны ұстаудан бас тарта алмайды екен.

"Бұл заңнамада көзделген ерекше тәртібі бар ерекше маңызды объект. Ғимарат мемлекеттік лауазымды тұлғаларға арналған. Біз оларды қайда апарамыз?" - дейді әкім

Тегтер: