Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 06 Маусым 2024

Жоғарғы сот Марат Жыланбаевты ақтау туралы арызды қараудан бас тартты

Марат Жыланбаев
Фото: Азаттық

ҚР Жоғарғы соты оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевты ақтау туралы арызды қараудан бас тартты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты. Сот алқасы оған негіз жоқ деп тапты.

Азаттық Радиосының мәліметінше, Жыланбаевтың арызы бойынша жабық сот отырысы бір сағатқа созылған. Адвокат Мейіржан Досқараев белсендіні сотқа қатыстырмағанын айтты. Ол Жоғарғы соттан кейін де күресті жалғастыруға ниетті.

Бас прокурор, кейін сот төрағасына, одан нәтиже шықпаса, Конституциялық сотқа арызданамыз", – деді адвокат Досқараев.

Сот ғимаратына Жыланбаевтың оннан астам қолдаушысы жиналып, белсендіні қолдауға қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлер де келді. Бір топ жақтасы залға кіргізуді талап еткенімен, сот отырысы жабық өтті.

Азаматтық белсенді Айжан Әкішева Марат Жыланбаевқа, Думан Мұхаммедкәрімге, Әйгерім Тілеужанға, Асқар Сембайға, Қайрат Қылышевке бостандық беруін талап етті. Сөзінше, елде саяси тұтқындар болмауы керек.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жыланбаевты "саяси тұтқын" деп таныды.

Айта кетейік, қараша айында Астананың қылмыстық сотында танымал марафоншы Марат Жыланбаевты жеті жылға сотталған болатын. Жыланбаевқа ҚДТ "экстремистік ұйымын қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты" деген айыптар тағылды.

Тегтер: