Сараптама

Жүректегі жазулар

Отыз жетінің сұрапылкүндері әрбір қазақ отбасына үрей мен қасірет әкелді. Тағдыр тәлкегіне түскендердіңбірі біздің шаңырақ еді.

Жүректегі жазулар

Менің аталарым Сүлейменов Асан мен Оспан екі ағайындыболған. Асан атам мен Хадиша әжем перзент сүймей, інісі Оспанның ұлы Жолдасбекәкемді алып, бауырына басқан. Біз әулеттің алтын діңгегі – әжеміздің арқасында,аялы қамқорлығында өстік. Ес білгелі ата-бабаларымның өмір жолын сұрап, олардыңсонау Қазан төңкерісінен бастап, 37-ші жылдың дүрбелеңіне дейін  зардап шеккендерін естідім. «Халықжауысыңдар. Бай-бидің тұқымысыңдар» деген жалпылама сылтаумен Асан атылды,Оспан бас сауғалап Өзбекстанға қашып аман қалды.

Әңгімені әріден бастайын. Малданның Бекмұрат деген ұлынанСүлеймен, Байтұяқ, Жантұяқ деген үш перзенті болыпты. Үлкен баласы Сүлейменжақсы ат мініп, әдемі киім киініп, жас кезінде ойын-тойда қыз-қырқынмен айтысқатүсіп, серілік құрыпты. Дәулетті, бай кісі болған. Ағайын-туысқа, ауылдастарынақол ұшын беріп, қамқорлығын аямаған екен. Қызылқұмның атақты шайыры ЕргөбекҚұттыбайұлымен үзеңгілес әрі құрдас қана емес, өнерде де сыйластық құрғанкісілер. Бұл татулық жайлы Ергөбек ақынның 1917 жылдың нәубетімен Өзбекстанғаөтіп кетіп, елін, ағайын-жұртын сағынып шығарған мына бір шумақ өлеңінен деаңғарылады. Онда:

«Сүлеймен менен Жақыбым,

Құдайдан соңғы жақыным!» –деп толғаған.

Жақып та Сүлейменге аталасағайын. Екеуі де серілік құрып, айлап той тойлап, айтысқа түскен.

Бірде Оспан атам:«Қызылқұм өңірінде біз айтыспаған ақын қалған жоқ. Әсіресе бір қызбен (атын ұмыттым)айтысқа көп түстік. Бірақ бір-бірімізді жеңе алмадық», – деді Сүлеймен әкесіжайлы әңгімесінде. «Сол қыз біраз уақыт көрінбей жүрді. Бір күні тойдакездесіп, айтысып кеп қалдық. Сонда қыз:

«Дегенде қарамалым,қарамалым,

Жабады екі иығымдыорамалым.

Алты ай қыс ауырыпжатқанымда,

Замандас, көңілімдісұрауға да жарамадың», – деп назын білдіргенде:

«Дегенде қарамалың,қарамалың

Жабады екі иығыңдыорамалың!

Қыздың жолы жіңішкеболғаннан соң,

Көңіліңді сұрап бараалмадым», – деп жауап қаттық Жақып екеуміз, – деп есіне алып отыратын атамыз».

Бір жылы қыс қатты болып, жинағанжемшөбі таусылып, Сүлеймен атамыз баласы Оспанды көрші ауылға түйе жеккеншанамен шөпке жібереді. Бір үйге келіп түседі. Үй иесі ұзын бойлы, ақсарыреңді, үй іші мұнтаздай, үсті-басы жинақы әйел кісі екен. Шай құя отырып жөнсұрайды.

Келген балаң жігітСүлейменнің ұлы екенін білгенде, ол кісілермен үлкен сыйластықта болғанынайтады. Үйінде ойнап жүрген бес-алты жастардағы үйелмелі-сүйелмелі екі баланыкөрсетіп, сол кісілердің құрметіне үлкен баласының атын Сүлеймен, кішісін Жақыпқойғанын айтады. Кетерінде сыйластық ретінде шанасын толтырып шөп береді.

Бекмұраттың екінші баласыБайтұяқ жастайынан билікке араласып, кісілік құрған кісі. Байтұяқ би туралы оңтүстікөңірдің ақын-жыршыларын зерттеген ғалым, филология ғылымының кандидаты, Шымкентпединститутының доценті Әсілхан Оспанұлы Ергөбек ақынның өлеңдерін талқылайкеліп, былай деп жазады: «Ергөбектің ағасы Қалыбекпен сөз сайысы өлеңіндеЕргөбек:

«Қалыбек, айтар сөздібілмедің ғой,

Білмеген сөз құлаққакірмеді ғой.

Аға менен ініні үлгіқылсаң –

         Бекмұраттан Байтұяқ ілгері ғой», – депайтыпты. Автор сілтеме беріп, «Бекмұрат – Байтұяқтың ағасы, жақсы адам болған.Байтұяқ – кісілікке араласып, елубасы болған» депті. «Оңтүстік Қазақстан»газеті, 27 тамыз, 1974 жыл, №167.                 

Байтұяқ би 18-19 жасындасәнді киім киіп, жүйрік ат мініп, үлкен асқа барады. Сол жерде бір қариясыртынан көріп: «Япырай, мына бала болайын деп-ақ тұр. Әттең, артында қаларұрпағы аз болады-ау!» – депті.

Міне, қарғыстың да,алғыстың да, сыншының да қате кетпейтін кезі сол кез екен. Айтқандай-ақ,Байтұяқ атамыздың артында ұрпағы қалмады. Жалғыз ұлына төрт жасар кезіндеқошеметшіл ағайын, жора-жолдас тұсаукесер той бергізіп, той өткен күні шетінепкетіпті. Ал жалғыз қызы Бегайым бертінде, 60-жылдары қайтыс болады.

Байтұяқ би атамыз алдынажан келмейтін сұсты, әділетті билік құрған. Өкініштісі, ол кісінің билігі жайлымәліметті ешкім жинақтамаған. Тек Оспан атамыз айтқан бірлі-жарым естеліктересімде қалыпты.

Қолы сұйықтау ағайынға біржылы 1000 қой бітіпті. Ағайын-туыс, жора-жолдас қолпаштап, қайырын берсін депбарыпты. Тек Байтұяқ би ғана бой көрсетпепті. 

– Әрі ағайыным, әріқатарым Байтұяқ би неге келмеді? – деп өкпелепті. Сол жылы қыс қатты болып, көктемдеәлгі ағайыны таяғын ұстап қалады. Содан өлген малының жүн-жұрқасы,тері-терсегін өткізіп, күзде 15-20 тұяқ жинапты. Сол кезде Байтұяқ би келіпағайынына:

– Құтты болсын, енді осымалың құтайып, осыдан кейін тұрмысың көркейеді, – деп батасын берген екен.

– Бұрын келмегенім – олмалың табан ақы, маңдай теріңмен келмеген, ол құтаймайтын мал еді, – депті.

Айтқанындай, солағайынының тұрмысы түзеліп, кейін жақсы болып кетіпті.

                                                                                                                                                                               Асан өте пысық, мал тапқышкісі-тін. Інісі Оспан екеуінің тұрмысы жақсы, малды болыпты. Асан өз бетіншеорысша да, ескіше де сауатын ашыпты. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін олкісі елде, Арыс қаласында  Кеңес өкіметінорнатуға белсене араласады. Көзін көрген кісілер қызыл жағалы костюм, қызыл баскиімкигенін айтатын. Ат-арба мініпті, қызметшісі болыпты. Тегі, онысы милицияформасы шығар. Шаш қояды екен. Олардың сап-сары болғандығынан ба, әлде киімінеқарап па, «Асан орыс, Оспан орыс» деп атап кетіпті.

Асанның өз кіндігіненперзент болмаған. Әйелі Хадиша Смағұлқызы екеуі перзент көрмеген. Сонда ОспандыХадиша апамыз Арқадан 20-жылдары ауып барған Смайылқызы Күлшараға үйлендіреді.Бұған дейін малы көп, тұрмысы жақсы, бірақ перзенті жоқ ағайынды екеуін «бұл қубастарғамал не керек» деп ауылдастары әңгіме қылады екен.

Сол Күлшара анамыз Құдайберіп бір жылдан соң қызды болыпты. Бұған қатты қуанып, үлкен той жасап, көкпарбереді. Батагөй көкпаршылар қызға Ұлас деп ат қояды, яғни перзенттерің ұласаберсін деген ниет білдіреді. Ол қызды Хадиша әжеміз бауырына басып, өздерінеперзент етіп алады. Келер жылы дүниеге келген ұлға да дәл осылай той беріп,оған да атты сол көкпаршылар Жолдасбек деп қояды. Бұл баланы да өздері бауырынабасып, өз аттарына жаздырады.

Ел анасы атанған Хадишаәжеміз бен Асан атамыз Оспан інісі мен келінін, кейінгі балаларын бағып,шаңырақтары шаттыққа кенеледі. Ағайын-туысқа да қарайласып, елдің құрметінебөленеді. Елде ұжымдастыру толық іске асып, колхоздың белді мүшелерінеайналады. Інісі Оспан озат колхозшы ретінде 1936 жылы Алматыда өткенколхозшылардың 1-слетіне делегат болып қатысады. Оспан атамыз сол слеттен алғанәсерін жырдай қылып айтып отыратын. «Слетті Жамбыл домбырамен өлеңдетіп ашты.Жамбыл беті әжім-әжім, сақалы кеудесіне түскен қара шал екен, жарықтық. Кешкеделегаттарды қонақүйге орналастырды. Кешке қонақүйге сұлу жас әйелі менкішкентай бір ұл, бір қызын ертіп Мирзоян келді. Бәрімізбен сөйлесіп,жағдайымызды сұрады», – деп отыратын. «Мұнан кейін Күләш пен Шара келді. Күләшқасын жіңішке етіп қаламмен сызып қойған жұқалтаң қарасұлу келіншек екен. АлШара көзінен от шашып тұрған әйелдің сұлуы еді», – деп суреттейтін. «Сол жолыбарған делегаттар жаңа үкімет үйінің бір шаршы метріне ақша аударамыз деп қолқойдық. Бірақ артынша мына зобалаң туып, сол ақшаның берілген-берілмегенінбілмеймін», – дейтін.

Сол 30-жылдардың ортасынатаяу атамыз қанша дегенмен көзі ашық жан ғой, қоныс аударып, Жартытөбе дегенатақонысына барып орналасады.

Ешқандай қызмет істемей,өз шаруасымен ғана айналысып жүрген Асан атамыздың басына бұлт төнеді. Елдіңалдыңғы қатарлы азаматтары бірінен соң бірі ұстала бастайды. «Байдың тұқымы»деп қудаланады. Қауіптенген атамыз үйінің қасынан кішкентай жеркепе қазып,үстіне отын үйіп, елеусіз пана жасап, соған қыстап шықпақ болады. Бірақ аңдыған«үш әріптің» екі жасауылы 1937 жылы қыркүйек айында келеді де, үй ішін түгелтінтіп, таба алмай шығады. «Жоқ екен» деп атқа мінейін деп жатқанда өзағайынымыздың біреуі қамшысының сабымен нұсқап, «там, там» деп, әлгі жеркепенікөрсетеді. Балағын түріп, жеркепенің ішін сылап жатқан атамызды екі орысқолтығынан ұстап алып шығады. Атамыз орысшалап бір нәрсе деп еді, әлгілер қояберді дейді. Сөйтсе, «Бала-шағамның көзінше қорлама, өзім жүремін» деген екен.

Атамыз «Ал, қош болыңдар,жазығым жоқ. Қайтарар, қайтпасам Хадиша, балаларға бас-көз бол!» деп атқа мініп,кете барыпты. Сол кеткеннен хат-хабар болмапты. Тек 70-жылдары білдік, ұсталғансоң алты күннен кейін «Кеңес өкіметіне қарсы үгіт айтты, колхоздың үш қойынұрлады» деген жаламен айыпталып, атылып кеткенін архив документтері арқылыбілдік.

Атамыз осындай жазықсызжаланың құрбаны болса, артында қалған інісі, әйелі, келіні, балалары одан дабетер жапа шекті. Күнде Жартытөбенің етегіне жиналысқа шақырады. Бәрімізжиналып барамыз, бірақ бір адамның бетіне қарауға шамамыз келмейді. Белсенділер«бүгін Кеңес өкіметін тағы бір қас жаудан тазаладық» деп төсін қағып тұрады.«Ей, ол қандай қастық жасады?» деп ешқайсымыз айта алмаймыз» дейтін әжелерімізкөзіне жас алып отырып. Енді бірде бір ағайынымыз төсін қағып тұрып «Асанды,Байбосынды ұстатқан мына біз боламыз» деп шіренеді екен. Солақайшыл ағайынымыз«Асан Сүлейменов жазықсыз екен» деген 1960 жылы ақтау қағазын алып, құдайы бергенкезінде арнайы барып, атама көңіл айтпақ болады. Бірақ атам оның сатқындығын кешірмей,үйге кірмей қояды. Әлгі кісі сүйретіліп үйден шығып кеткенін бала болсам дакөрген едім. Атамыздан бір отар қой қалады. Оған ие болар, ес білетін адамжоқ-ты. Сонда сырттан ит соның бәрін сезіп, бір отар қойды өзі қайырмалап,жайып келеді екен. Әлгі тісін қайрап жүрген ағайындарымыз «бұлардың  иті де байшыкеш болды ғой» деп, қой соңындажүрген итті атып өлтіреді. Бірақ әлгі қаскүнем туысқанымыз бір қыр аса береастындағы аты омақаса құлап, пышаққа ілініпті. «Япырай, бұлардың иті де киеліекен, бекер-ақ атқан екенмін» деп өкініпті. Ал қалған мал қашып-пысып ит-құсқа,ұры-қарыға жем болып таусылыпты.

Өз бала-шағасын әзерасырап отырған Оспан атамыздың шаңырағына  зобалаң келіпті. «Халық жауының інісі» деп сотсыз,сұраусыз ұстап әкетіп, алты ай түрмеде ұстайды. Ұрып-соғады. Жасамағанқылмыстарын мойындатпақ болады. Атамыз шыдап бағады. Қараусыз қалған шаңырақтыңмал-мүлкін ауылдастары, ағайындары талан-таражға салады. Мен ес білген кездеәжем осы көрген қиыншылықтарын айтып отыратын. «Бір үйір түйені  ағайынымыз айдап бара жатты. Бір ботасы қашып,боздап үйге келді. Артынан қуған туысқанымыз әлгі ботаны аямай қамшысыменосып-осып жіберді. Шырылдаған ботаны қорғаштай бергенімде мені де қамшысыментартып жіберді. «Көріңде өкіргір К...» деп, жан даусымды шығара қарғадым. Міне,мынау содан қалған белгі», – деп, білегіндегі тыртықты көрсетіп отыратын. Ай,қайран әжем!

Орайы келгенде айтакетейін, бұл деректерді іздестірмес пе едім. 2016-17 жылдары Құлшығаш әулетініңшежіре кітабын жазуға кірістім. Арғы ата-бабаларымның өмірі қызықтырып, Асан,Оспан аталарым тұрған, әкем Жолдасбек дүниеге келген Арыс қаласының маңындағы Көксарайауылына келдім. Сұрастыра келе Байтұяқ би қоныстанған аумақты, құдығын таптым.Сол жерде тұратын ағайындар Сүлеймен бабам жерленген зиратты көрсетті. Байтұяқби де сонда жерленген деген әңгіме айтылды. Қорымға кіріп, аруақтарына құранбағыштадым. Шашылып жатқан құлпытастарды көрдім. Араб тілінде жазылған майдажазуларды зерделеп, түсінуге талпынғаным сол еді, бабаларымның қуанышты көзжасындай жаңбыр шелектеп құймасы бар ма?  Қайтуға тура келді. Менің осы ниетімді білген,бірге өскен досым «сенің атаң би болған жоқ» демесі бар ма? Күні кеше ғанақұдығының қай жерде екенін, бұлағының барлығын айтқан да өзі-тін. Енді, міне,түк болмағандай басқаша сөйлеуін. Тай-құлындай тебісіп, бірге өскен досымнанмұндай сөз күтпеген едім. Қаным басыма шауып, тұтыға, күрмеле: «Мен атамдыіздеп жатырмын. Ол би болмаса да, би түсетін үй болған. Бай болған. Ақын, сері,Ергөбек ақынның досы болған» дедім. Мен сол күні жарты ғасыр сырласып  келген досымнан айырылдым. Мен сол күнненбастап Байтұяқ атамның би болғаны жайлы құжаттарды іздестіре бастадым. Сөйтіп,дайындалып жатқан шежіре кітапқа бабаларым кірмей қалды. Араға уақыт салып Сүлейменніңсері, Байтұяқтың би болғаны жайлы құжаттар табылды. Әулет шежіре кітабына енді.

Әкем ортаншы ұлыБақытжанды «аталарыңның аты ұмыт қалмасын» деп, Асанов деп жаздырған болатын.Сол інім, келініміз Жанар екеуі облыстық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынанАсанның ақталғаны жайлы анықтаманы алдырды. Атамыз Шымкент қаласындағы «Қасірет»зиратында жерленіпті. Бұл жер інімнің үйінен тас лақтырым жерде орналасқан.Міне, керемет, өмір бәрін де өз орнына әкелді.

Халықта «Таспен ұрғандыаспен ұр» деген мақал бар. Әкем осы оқиғалардың көбісін білсе де, маған тіс жарыпештеңе айтқан жоқ. Ата-бабаларымызға жасалған қастандықтарға түсіністікпен,әлгі ағайынсымақтарға кешіріммен қарады. Қамқор қолын созумен жүрді. Осыншамақасірет, әділетсіздік жүрегінде тас жазудай сақталып қалғандай.  Мүмкін, әке ұлағаты деген осы шығар. Екісовхоздың іргетасын қалап, ұзақ жылдар директоры болды. Қазір Жетісайауданындағы, кешегі топан су басудың алдында қалған қайсар мекен ҚоғалыдаЖолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектеп бар. Сол киелі шаңырақтың екіншіқабатында маңдайы жарқырап «халық жауының баласы», менің  әкемнің тас мүсіні тұр. Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ,     

 ҚР Президентісыйлығының лауреаты,

публицист-жазушы

                                                        

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз