Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 06 Наурыз 2024

Журналист Әйгерім Тілеужанның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

журналист
Фото: serke.org

Журналист Әйгерім Тілеужанованың үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналистің адвокаты мәлімдеді. 

Адвокат істі камерада Әйгеріммен 24 ақпанда болуы мүмкін жанжалмен байланыстырады.

«Әйгерімге қатысты 107-бап (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды», - дейді адвокат Айнара Айдарханова.

Оның айтуынша, жанжал болған, бірақ ұрып-соғу болмаған. Тілеужанова мұны арандатушылық болды деп есептейді.

Айнара Айдарханова қазір тергеушілердің қолында тек мекеменің қорытындысы мен камера бірге болған адамның түсіндірме хаты ғана бар екенін айтады.

Айта кетейік, Айгерім Тілеужан 2022 жылдың қазан айында Алматы әуежайында қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты күдікті деп танылған болатын. Оған 272-баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылды. 

Фото: serke.org