Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:35, 15 Желтоқсан 2023

Журналист Думан Мұхаметкәрімді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

қамау
Фото: из открытых источников

Журналист Думан Мұхаметкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов тергеу әлі аяқталмағанын айтты. Сот журналистің қамауға алу мерзімін бір айға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қаңтар оқиғасын белсенді түрде жариялаған «Не дейді» YouTube арнасының авторы және журналист Думан Мұхаметкәрім Мәжіліс сайлауына қатысудан шеттетілген болатын.

Кейін полиция тәуелсіз журналистті азаматтарды «заңсыз әрекетке» шақырды деп айыптады.

22 маусымда Думан Мұхаметкәрім тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Алайда, сот шешім шығарған кезде адвокат болмаған. Одан кейін журналист Талдықорғандағы тергеу изоляторына жеткізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» (405-баптың 2-бөлігі) және «Экстремизмді қаржыландыру» (258-бап, 1-бөлігі) баптары бойынша күдікті деп танылды.