Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:47, 04 Сәуір 2024

Журналист Махамбет Әбжанның ісі Жоғарғы сотқа жіберілді

о
Фото: из открытых источников

"Кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады" деп айыпталған журналист Махамбет Әбжанның ісі Жоғарғы сотқа жіберілді.

Сот кеңсесінің мәліметінше, 2 сәуірде Жоғарғы сотқа Махамбет Әбжанның қылмыстық ісінен материалдар келіп түскен.

Айта кетейік, Әбжан 3 шілдеде «бұқаралық ақпарат құралдарында ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалады» деген айыппен ұсталған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, журналист "50 миллион теңге алып жатқан сәтінде ұсталған".

2023 жылдың ақпанында судья Айжан Құлбаева Әбжанды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

 

Фото: KazTAG

Тегтер: