Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:46, 25 Сәуір 2024

Журналист Жәмила Маричеваға іс қозғалуына қатысты ақпарат министрі не дейді?

и
Фото: из открытых источников

Ақпарат министрі Аида Балаева ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричеваға іс қозғалуына қатысты түсінік берді.  

Оның айтуынша, cоңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақтар түскен. Алайда ол министрліктің полиция қызметкерлерінің әрекетін заңдық тұрғыда бағалауға құқығы жоқ екенін мәлімдеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды. Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді.Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлерінің әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ, деп жазды Балаева.

Сонымен қатар, ол екі журналистке қатысты істі «министрлік берген талаптар» деп хабарлау дұрыс емес екенін айтады.

Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын. БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамын, деді ол. 

Ал, бұған дейін Жәмила Маричева мен Асхат Ниязов Ақпарат министрлігінің талап-арызы бойынша сотқа дайындалып жатқанын жазған. 

Фото: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ