Өңір

Жұрт жағдайын ойласақ

Қарағанды өңірінде соңғы жылдары көпқабаттыүйлердің сыртын жөндеу қарқынды жүргізілуде.

Жұрт жағдайын ойласақ

«Өңірлерді дамыту 2020»мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста тұрғын үй қорын модернизациялаужұмыстары жасалуда.

   Мамандардың айтуынша, 2019 жылы Қарағанды,Балқаш,  Саран, Теміртау, Абай қалаларында 18 көпқабатты тұрғын үйгемодернизациялау бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Бұлжұмыстарға 374,8 млн теңге қаражат жұмсалған. Ал биыл Абай, Саран, Қарқаралыөңірлерінде тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасына орай, үш тұрғын үйгежөндеу жұмыстарын жасау жоспарланыпты. Сондай-ақ тұрғын үй шаруашылығы саласындамытуға бағытталған бағдарлама аясында Қарағанды облысында 2011 жылдан 2019жылдың желтоқсанына дейін тұрғын үйлердегі 109 жеделсаты ауыстырылған. Өңірдеәлі де болса көпқабатты тұрғын үйлерде істен шыққан жеделсаты жетерлік.

  Облыс әкімі ЖеңісҚасымбек жеделсатыны жөндеуді жеделдетудің қажет екені жөнінде тапсырма бергенболатын. 2019  жылдың қарашасында Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және модернизация орталығы»АҚ істен шығып қалған жеделсатыларды жөндеуге қатысты пилоттық жобаны бастаужөнінде меморандумға қол қойған болатын. Осыдан кейін Қарағандыда жеделсатыныжөндеу жұмыстары жандана бастады. 2019 жылдың аяғында көпқабатты тұрғынүйлердегі жеделсатыларды қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды.Қарағандыда – 11, Теміртауда екі жеделсаты орнатылған. Бұл жұмысқа 200 млнтеңге жұмсалыпты. Бүгінде Қарағандыдағы 12 тұрғын үйге жеделсаты орнатужұмыстары жасалып жатыр.

    «Жыл соңына дейін 100 жеделсатыны орнатужоспарланып отыр. Жалпы, осы мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жылыоблыстағы қалалар мен елді мекендердегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын жәнешатырын жөндеу жоспарланған. Бұл қалалар мен  елді мекендердің сәулетіненұқсан келтірмеу үшін тұрғын үйлерді бір қалыпқа келтіріп, жөндеу қажет дегенмақсатта жүргізілетін жұмыс. Сондай-ақ талай жылдан бері тозығы жетіп тұрғанүйдің сырты мен шатырын жөндеу тұрғындар үшін де аса маңызды деп ойлаймын», –деп мәлімдеді Қарағанды облысының энергетика және  тұрғын үй-коммуналдықшаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Айжан Төленова.   Биыл Қарағанды қаласында мемлекеттікбағдарлама бойынша 26 тұрғын үйдің сырты мен шатыры жөнделеді. Облыстықбюджеттен жөндеу жұмыстарына 800 млн теңге қаражат бөлінді. Бұған қоса,жергілікті бюджет есебінен Балқаш, Сәтбаев, Шахтинск қалаларында 58 тұрғынүйдің сырты мен шатырын 114 млн теңгеге жөндеу күн тәртібіне қойылған.

                «Нұрлы жол»

«Жол мұраты –жету» демекші,  қай өңір болсын жолдың тақтайдай түзу болуы қашандасұранысқа ие. Қарағанды облысында жыл соңына дейін  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 800 шақырымжол жөнделмекші. Мердігерлердің айтуынша, жыл аяқталғанша Қарағанды–Балқашбағытындағы жаңа күре жол пайдалануға беріледі. Қарағанды–Балқаш бағытындағыескі жолда көлік апаттары жиі болады. Жолдың тар болуы да көлік жүргізушілерінеқолайсыздық тудырады. Енді жаңа жол іске қосылса, мамандар жолда кедергі азаядыдеп отыр.

Бүгінгі таңда Қарағанды–Балқаш жолыныңқұрылысын салуға 900 техника мен 1800 адам жұмылдырылған. Қарағанды өңіріндеСолтүстік-Шығыс  айналма жолының  құрылысы қарқынды жүріп жатыр.Ұзындығы 48 шақырымнан асатын бұл жол Қарағанды қаласын айналып өтеді. Төртжолақты жолды төсеу былтыр басталған болатын. «Бүгінде асфальтқа  жолақтар салу, жиектерін реттеу, жарықшамдарын қою тәрізді жұмыстар қалды. Айналма жолдың жұмысын 93 пайызғааяқтадық.  Енді маусым айында жұмысты толық аяқтап, оны тапсырудыжоспарлап отырмыз», –  дейді мердігеркомпанияның өкілі Али Четкин.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА,

Қарағанды

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз