Руханият

Жыртыңдаған жастар, ыржиған езулер

Еліктеу, көшірме болу қанымызға сіңіп кетіпті. Бәріміз«біреуге ұқсауды армандаймыз».

Жыртыңдаған жастар, ыржиған езулер

Орыста «Наша раша» деген, Ресейде  жүрген Орталық Азиялық  мүсәпірлерді мазақтайтын хабар ашылды. Шұғылтүрде қазақтың өзін қорлайтын «Наша казашаны» шығардық. «Комеди клабты» көресала сқақшылар клубтарын қаптаттық. Бәрі сылдыр су, «Жәй клабтар».   Ресей арналарындағы қалжыңның да кейдеқырсыз болатыны бар. Бірінші каналдан да «сарғыш» рең байқалады соңғы жылдары.Алайда қанша нашар десек те сынауға болады. Өйткені олардың юморында негіз бар.Ал, біздегі бос сөз. Демек,  сынайтын датүк жоқ. Көбік сынды… көлемі үлкен, салмағы жоқ. Былайша ұқсайды. Тура солдекорациялар, сол стиль. Еркін сөз, жүгенсіз қылжақ… Жыртыңдаған жастар,зордың күшімен  ыржыйған езулер. 

Өздігінен ештеңе ойлап таба алмайтынымызды осыданбайқауға болады. Ерекше ой,  қазіргішеайтқанда креатив жетіспейді. «Тамашадан» басқа мақтанарлық түгіміз жоқ. Оны да пікір айтпай, тек еске алыпқойғанымыз жөн болар.

Бұлтақырыпты неге қозғадым?  Сол хабарлардыжасап жүргендерге: «Бауырларым, ойындарың осылып барады, ел көріп отыр ғой,қойсаңдаршы.  Ұрласаңдар да ұялмайтындайетіп жасасаңдаршы» деп тіке айтуға болар еді. Бірақ, қажеті қанша? Біріншіден,ешкім сөзіңді елемейді. Екіншіден, олардың еш кінәсі жоқ. Еттері өліп кеткендіктентірліктерінің күлкілі екенін ұға қоймайды. Тіпті, түкке болмайтынды сөз етіпқайтесің деп өзімді келемеждеулері мүмкін. Үшіншіден, шығармашылық топқа «идеяны»  кәсіби мамандар шайнап беріпотыр. Өз деңгейлеріне сенімді болғандықтан олар жұмыстарының тым сапасыз екеніне ешқашан сенбейді. «Тобыр не берсең дежей береді» деген ұстанымнан адасқан емес. Рейтинг туралы желікті сөздердіқанат етіп, қияға «самғата» бермек көрермен санасын. Бар білгендері осы. Осытұста мен ешкіммен пікір таластырып, қызыл кеңірдек болуды қаламайтынымды айтакетейін. Мен теледидар арқылы өмір желісін айқындап қана отырмын.  Оның үстіне депутаты, балерина, зілтеміршісібар шуылдаған «әнші» жұрт тым көп. Олардың мақсаты ел көзіне көріну.  Экраннан түспейтін, танымал ТҰЛҒА болу. Мұндаймақсат қуған адамдар күй буған саңырауқұр  сынды ештеңені естімейді. Олар «N-нің»бәленшебайыншы көшірмесі екендерін қаперге алмайды, қысылмайды. Біреулердіңжалған жетістігінің  сүрлеуіне түсіпкеткендерін де түсінгілері келмейді. Шынайы дүниенің  шарасыз көшірмелері. Фанера,  дыбыс жаңғыртатын жасанды ағаш.  Қасіреттісі – экрандағы тонналаған түккетұрмайтын дүниелерді халықтың жиренбей қабылдай бастауы. Ендігі жерде оныжеңуіміз мүмкін емес шығар. Бұзылған астан көк дәмін кетіре алмайсың.... 

Аударған Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

Фото: kino.rambler.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз