Абаттандыруға отандық құрылыс қолданылуда

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:49

416

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында биыл 185 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй аулаларына жаңадан орындықтар, қоқыс жәшіктері, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері орнатылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаңдарды абаттандыруда отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында отандық өндірушілердің құрылыс заттары пайдаланылып жатыр. Атап айтқанда отандық өндіруші «Степ Парк Кз» ЖШС-нің заманауи элементтері үш жылдық кепілдемесімен қойылған.

Бұл жөнінде Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 10 айда атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

— Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Строй.ком Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт түзіліп, 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобалары аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан 46, жергілікті бюджет тарапынан 36 қөпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды, — деді әкім.

Сонымен қатар, аудан әкімі қалған аулаларды қайта абаттандыру үшін 100 үйдің ауласына сметалық құжаттамалар әзірленгенін жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49