Абылай ханның хаты Түркістанға тапсырылды

Сайт әкімшілігі

24.05.2021, 08:33

1736

Түркістан қаласына жасаған сапары барысында   Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов өзінің жеке мұрағатында сақталып келген қазақ ханы Абылайдың Ресей патшайымы Анна Иоановнаға жазған хатының тұпнұсқасын «Ұлы дала елі» орталығына табыс етті.

Вице-министр Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен    «Ұлылардан қалған мұра» атты іс-шараға қатысты.

       «Көне Түркістан шаһары небәрі үш жылдың аралығында адам таңғаларлықтай әсем де, көркі көз тартар шаһарға айналды. Таяуда ғана Түркістан  – Түркі елдерінің мәдени астанасы  атанып, Қазақ елінің нағыз мәдени, рухани орталығы екенін барша жұртқа паш ете бастады. Соңғы екі жылда қалада 200-ден астам мәдени, рухани, әлеуметтік нысандар бой көтіріп келеді. Осы ретте мен де бүкіл қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығына жеке мұрағатымда сақталып келген Абылай ханның орыс патшайымы Анна  Иоановнаға жазған хатын тапсыруды жөн көрдім», – деді жиында сөз алған Болат Анапияұлы.

    Айта кетейік,  «Ұлы дала елі» орталығы 2020 жылдың қыркүйек айының 28-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына сапары барысында ашылған болатын. Орталықтың негізгі мақсаты – Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өтілген тарихи құндылықтарды насихаттау.  Орталық Қазақ Хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи- заманауи залдан тұрады. Бірінші  қабатта Түркістан қаласы түркі халқының рухани астанасы болғандықтан түбі бір түркі халықтарының баға жетпес құндылығы, Күлтегін ескерткішінің үшінші көшірмесі қойылған.

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру естелік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48