Әкім бас консулмен кездесті

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 06:43

357

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын талқылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің арасында сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан қала басшысы Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды.

Мұрат Әйтенов миллионнан астам халқы бар қаланың дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтты. Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құятын 5 ел болса, соның бірі Оңтүстік Корея болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әкім кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.

Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, «қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту» деді.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48