Әкім халық арасына барды

Миуа БАЙНАЗАРОВА

29.07.2021, 11:00

1627

Әлі де шешімін таппаған,  күрмеуі тарқатылмаған  өзекті  мәселелер  Қызылорда  қаласында  баршылық. Қазіргі  індет  бір  жағынан  қысқан  кезде  ол   дүниелер  қалай  шешілуде?  Әңгіменің  үлкені  осы  болса  керек-ті.  Содан  болар, қаланың  әлі  де  «су жаңа»  әкімі болып  саналатын  Ғанибек Қазантаев республикалық, сондай-ақ  жергілікті бұқаралық  ақпарат құралдарының өкілдерімен  кездесу  өткізіп,  түйіні  көп мәселелердің   күрмеуін қалай  шешіп жатқанын   тілге  тиек етті.  «Мен  бұл  орынға   атақ қуып, байлық іздеп келгенім жоқ. Маған билік емес, абырой керек. Мемлекет және қоғам қайраткері  Қонысбек Қазантаевтың атына кір келтірмей, әкемдей елдің шын алғысына бөленгім келеді.  Ал алғысқа бөлену үшін   еңбек ету керек. Қалада қордаланып  қалған  мәселені   ойдағыдай  шешіп,  тұрғындардың  ойынан  шығу керек», – дейді әкім.

Кездесу  барысында әкім мен журналистер еркін әңгімелесті. Ашық  әңгіме  болды. Қаладағы  барлық   түйінді  мәселелер  назардан тыс  қалмады.  Соның бірі  аяқ  су  мәселесі  еді. Көпқабатты үйлердің  аяқ су мәселесі  бұрыннан   бір шешім  таппай  келген.  Мұны  әкім  жасырмады.  Рас,  Ғанибек Қазантаев  әкім  болып  келе  салысымен  насос қондырды, аяқ су мәселесін  шешкеніне  куә  болғанбыз.  Сондай-ақ ауызсу мәселесі де қоса шешіле кетті. Әкім халық  арасына  барды. Олардың өтініш-тілектерін тыңдады.  Негізі, халыққа  жақын  боламын  деген  әкім осындай  болса  керек-ті. Бір сөзбен айтқанда,  қалада көптен  бері   түйіні  шешілмей  келе  жатқан  мәселелер  назардан  тыс  қалмады.   Мәселен,  КБИ мен «Шұғыла» шағынаудандарының аралығындағы теміржол өткелін салу, «Сәулет» шағынауданындағы асфальт жолдың керектігі, мұнда балаларға арналған ойын алаңының жоқтығы да айтылды. Белкөл кентінде  төрт шақырым жерде орналасқан қоқыс полигонының зиянын азайту, қоршаған ортаны қорғау мәселесі де сөз болды. Әкім  қолдан келгенше осы мәселелерді кезек-кезекпен реттейтінін  айтты. 

Жалпы, осы тұста Ғанибек Қонысбекұлы жөнінде аз-кем тоқтала кеткен  артықтық  етпес.  Ол  қала  әкімі  болғанға дейін Сырдария ауданын    алты  жылдай  басқарды.  Көпшіліктің  көңілінен  шықты. Сонда  жүріп қоғамдық кеңес  жұмысын  мейлінше  күшейтті. Әкімдіктердің кезекті бір бөлімі сипатындағы қоғамдық кеңестерден гөрі Қазантаевтың қоғамдық кеңестері шын мәнінде халықтың сөзін  сөйлейтін,   мұң-мұқтажын  шешетін нағыз кеңес  болды.  Ол  ауданда  әкім  болып  тұрған  кезде жас кәсіпкерлерді қолдау қоры құрылып, жастар кәсіпкерлігін дамыту қолға алынды.

Ақиқатын айтар  болсақ, ауданды алты жылдан астам уақыт басқарған Ғанибек Қонысбекұлының іскерлігін сырдариялықтар әлі де айтып жүр. Қазантаевтың қалаға әкім болып тағайындалуы Қызылорда қаласының бүгіні мен болашағы үшін қажеттілік болғаны анық. Облыс орталығында бизнесі мен кәсібі бар инвесторлармен, кәсіпкерлермен тең мәмілеге келе алатын, қаланың қым-қуыт тірлігінде кім-кімнен де тәртіпті талап ете алатын, күрмеуі қиын мәселесі мың-сан болып тұрған «Автобус паркі», тазалық, су жүйесі, газ сияқты монополист мекемелермен ел мұқтаждығын шеше алатын, аты дардай, тірлігі тарыдай әлеуметтік дүкендерді де әлеуеттендіретін, санда бар да, сапада жоқ қоғамдық кеңесті де жандандыра  алатын  білікті  азаматты  халық  қолдары  анық.  Қысқасы,  уақыт талабына сай әкім болғанға не жетсін. 

Кездесу  соңында   әкімге  журналистер  тарапынан  ұсыныс  болды. Ол  қалада  «Әдебиетшілер үйін» ашу, «Журналистер аллеясын» ашу   еді. Мұны  әкім  құп  көрді. Алдағы уақытта   бұл  мәселені шешетінін  жеткізді.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39