Әкім ішімдікке тойып алып, қызметтік көлікпен қыдырған

Мариям МАҚСАТ

12.11.2020, 16:57

1215

10 қазан, сенбі күні Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері Lada 21214 автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің мас екенін анықтаған. Ішімдікке тойып алып, қызметтік көлікті тізгіндеген жүргізуші Павлодар облысы Май ауданы Ақжар ауылының әкімі Серік Құсайынов болып шықты. Шенеуніктің қала көшесінде мас күйінде жүргені аздай қызметтік көлікті жүргізуге рұқсат беретін құжаты жоқ екен.

15 қазан күні Май аудандық сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ауыл әкімі сот отырысы кезінде де, қызметтік тексеріс барысында да кінәсін толығымен мойындады. Мас күйінде құжаты жоқ көлікпен өзге өңірдің көшелерінде көлік айдау – жұмыстан әп-сәтте қуып шығуға негіз болатын әрекет. Бірақ ауылдықтар басшысын қызғыштай қорғап шыға келді. Серік Құсайыновтың 2011 жылдың қазанынан бастап әкім қызметін жоғары деңгейде атқарғанын көрсетіп, тұрғындар арасында абырой-беделі зор, құрметке лайық екенін атап, ұжымдық хат жазды. Әдеп жөніндегі кеңес ауылдастардың хатын ескерген болса керек,  ауыл әкімінің мемлекеттік қызметшіге сай емес қылық көрсеткенін ғана айтып, мәселені жылы жауып қойды.

Ауылдықтардың араша түскеніне қарамастан Май ауданының әкімі қоластындағы қызметкерді жұмыстан шығарды. Енді Серік Құсайынов ауыл әкімі емес. Бұл жағдай лауазымын пайдаланып, ойына келгенін, қалағанын істейтін өзге атқамінерлерге сабақ болса игі.

Тегтер: әкім жергілікті басқару тұрғындар халық жүйе жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29