16.10.2020, 10:37
96
Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов 189 орамдағы газ мәселесін бір айда шешуді тапсырды. Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелерімен қашықтықтан қабылдау барысында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына берді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онлайн қабылдау барысында Қаратау ауданының тұрғыны А.Айдаров 189 орамдағы газ мәселесін көтеріп, жарық пен ауыз судың жиі өшетіні туралы шағымын жеткізді.
Осы ретте, қала басшысы тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейтінін айтып, салалық жетекшілерге электр жарығы мен ауыз суда тұрақты берілуі тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар, табиғи газдың ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін берілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Бұдан бөлек, қабылдауда тұрғындар жер, жол, қоғамдық көлік пен жұмыспен қамту туралы сауалдарын жолдады. Барлық сауалдарды мұқият тыңдаған әкім көтерілген әрбір мәселе бойынша қалада тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, рет-ретімен шешілетінін жеткізді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР