Әкім жазушыны мерейтойымен құттықтады

Сайт әкімшілігі

13.09.2020, 16:35

165

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты қабылдады.

Шаһар басшысы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту, қоғамдық сананы кемелдендіру, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отаншылдық сезімін сіңіру жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты.

—Сіз туған өлкеңізден алшақтамай-ақ оңтүстік өңірде өзіндік әдеби орта қалыптастырдыңыз. Қоғамдық істерге белсене араласа жүріп, қасиетті Түркістан мен шырайлы Шымкенттің рухани-мәдени тұрғыда өркендеуіне қомақты үлес қостыңыз. Сіздің «Дауыстың түсі», «Нәурізек», «Серт пен сенім», «Машаттағы махаббат», «Қозапая» сынды көптеген туындыларыңыз қалың оқырманның ыстақ ықыласына бөленген, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

М.Әйтенов қала тұрғындары атынан мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық табыс пен отбасына амандық тіледі.

Өз кезегінде жазушы қала әкіміне алғыс айтып, Шымкентті көркейту жолындағы қызметінің жемісті болуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Мархабат Байғұттың шығармалары «Қазақ прозасының антологиясына» еніп, әлемнің 93 мемлекетіне тараған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 04.08.2021, 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58