Әкім жеткенше арнасы толып қалатын көлдің жағдайы мүшкіл

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

28.04.2021, 09:53

1145

       Қарағанды қаласы орталық саябағындағы көлдің жағдайы соңғы жылдары жұрттың алаңдаушылығын туғызуда. Қарағандылықтардың қыдырып баратын саялы жеріне айналған көлдің суы ортайып, балдыр қаулап өсе бастаған. Көл суының түсі де адам шошырлық жағдайға жетті. Мұнда қаладан кәріздік қалдықтардың  құйылып кететіні туралы мәліметтер де айтылған. Суқойма  ретінде жасалған саябақтағы көлге Бұқпа өзенінен су ағып тұратын. Алайда соңғы жылдары Бұқпа өзенінің арнасы қоқыстармен бітеліп, су ағынының қарқыны төмендеп отыр. Кейінгі екі-үш жылда орталық саябақтағы көлдің барлық жерінен жасыл балдырлар қаулап өсіп шыға бастаған әрі суы азайып кеткен. Бір сорақысы, бұл көлді қарайтын жауапты мекеме жоқ, өйткені бұл суқойма ешқандай мекеменің теңгерімінде емес екен. Тұрғындар «бұрнағы жылдары бұл көлдің түбі, жағалауы тазартылып, мұнда миллиондаған текше метр су құйылатын еді, қазір мұндай шараны билік ұмытты» деп, көз алдарында балдырлы мекенге  айналып бара жатқан көлге қимастықпен қарайды.      Жақында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек экологтардың қатысуымен көлдің жанына келіп, көшпелі кеңес өткізген.  Шенеуніктер «көлді құтқару операциясын биыл жаздан қалдырмай іске асырамыз» деп мәлімдеді.«Бұл мәселені кешенді және жүйелі түрде шешу қажет. Қала тұрғындары тарапынан көлге келіп түсетін кәріз төгінділерін жойып, содан кейін тұнба мен балдырлардан тазартып, таза сумен толтыру үшін ұңғымалар бұрғылау туралы ұсыныстар түсті. Қала әкімдігі шілде айына дейін аталған жобаны іске асыру үшін жобалық құжаттаманы әзірлейді», – деді Жеңіс Қасымбек.

       «Айтылған сөз – атылған оқ» деген кейбір қарағандылықтар әкімнің сөзін дәтке қуат еткендей болды. Алайда, бір қызығы, аймақ басшысының орталық саябақтағы көлге келіп, жиналыс өткізуіне баз біреулер әдеттегіден тыс қатты дайындалған тәрізді. Қарағандылықтар «әкім келген кезде көлдің суы әжептәуір толып қалды» деп, әлеуметтік желіде жарыса жазып жатты.Қаланың белсенді тұрғыны Олег Емельянов  фейсбук парақшасына көлдің аянышты жағдайын көрсеткен бірнеше фотосурет салған. Сондай-ақ қала тұрғыны облыс әкімі суқоймаға келерде аяқастынан оның арнасы толып қалған жайтқа таңданыспен қарайтынын айтады. «Әкім саябақтағы көлді тексеруге келді. Ал ол келгенше көлдің арнасын сумен толтырып қойған. Суды қайдан алғандарын айтпайды. Менің бұл мәселеге қатысты сауалдарым көп. Егер олар судың түбін тазартқылары келсе, неге су деңгейін көтеріп жіберді? Олар қалай су деңгейін тез көтере қойды? Егер көлдің арнасын толтыру оңай болса, үнемі неге осылай жасамасқа?» – деп жазады Олег  Емельянов фейсбук парақшасында.        Әкімқаралар келерде барлық жерде жыртық-тесікті жамап, «құзырыңызға құлдық» деп отыратын үрдістің жаппай әдетке айналғаны таңсық емес. Алайда көлдің суын толтырады дегенді есту құлаққа тосын естілетіні анық. Қала билігі «суқойманың арнасы әдейі толтырылды» деген ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

эк

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 15:56
Елорданың шет аймақтарын дамыту және абаттандыру: Президент тапсырмасы орындалып жатыр

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00