Әкімдік өзі беріп, өзі қайтарып алмақ

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

06.11.2020, 10:18

933

Сәтбаев қаласының ғұлама ғалым атындағы даңғылындағы  162 –үйде тұратын 13 отбасы дәрменсіз күйде отыр. Биылғы жылдың тамыз айында баспаналы болған тұрғындарға қалалық  әкімдіктен талап хат келген.  Ескерту хатты оқыған ел естен танардай есеңгіреп қалған. Амалы таусылған жандар  мұң-мұқтажын жоғарыдағыларға жеткізу үшін  тілшілер қауымын шақырды.  Бақ өкілдерінің алдына суырылып шыққан Гүлім Сұлтанова, жергілікті әкімдіктің хабарламасын көрсетіп,   желтоқсанның 3 не дейін пәтерлерін босатуға бұйрық берілгенін баяндады.

— Қыр астында қыс тұр. Қара суықта бала-шағамызбен  қайда барып  бас сауғалаймыз? Бұл әкімдіктің азабы ма, мазағы ма?-деп, қиналысқа түскен  жұрттың жанайқайын жеткізді.

Жергілікті әкімдіктің «тосын сыйына» тап болғандардың алды 12 жыл  баспана кезегінде тұрған.  Олардың  қатарында қырық  жылға жуық еңбек өтілі бар полицейлер мен мұғалімдер бар. Әдетте, жеті  рет өлшеп, бір  рет кесетін биліктің бұлайша шатқаяқтауы  бұрын соңды  бұл өңірде болмаған құбылыс. Тас түскен жеріне ауыр демей ме? Сең соққандай сенделген жұртқа басу айту қиын.

Әкімдіктің салғырттығы ма,  әлде сасқаны ма?

 Тұрғындардың айтуынша,  бұл  үй оларға  мемлекеттік қызметкерлерде арналған баспана ретінде берілген. Ал, Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Назерке Сапарбек,  аталған баспананың   «Нұрлы жер» бағдарламасына енетін тұрғындарға тиіс екенін мәлімдеді. Әкімдік қызметкерінің сөзінше,  тұрғын үй комиссиясының мүшелері адамдарды қоныстандыру кезінде қателік жіберген. Ағаттыққа бой алдырған тұлғалар жазасын алған. 

Бұл ақталу ма, әлде  датталу ма? Кінәлілер заң жүзінде   жазаларын алар. Сайып келгенде, тұрғындардың тағдыры сонда  кімді толғандыруы тиіс?  Мәселеден хабардар барлық санаттағы әкімдіктер әзірге, тым-тырыс отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39