Алдағы бес жылда үш мыңнан астам шақырымға топтық су құбыры салынады.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

21.06.2021, 11:39

210

Сусыз өмір жоқ. Осыны ескерсек, ел аумағында сапалы ауыз суға зәру болып отырған елді мекендер  әлі де азаймай отыр. 2015 жылғы  дерек бойынша республикамыздағы  8 мыңға тарта ауылдың тең жартысының су жүйелері  күрделі жөндеуді қажет еткен. 2012 жылы қабылданған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру бағытында  жалпы 2,4 мың шақырым су құбыры мен кәріздік желі жаңартылыған. Ол бойынша қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің 104 жобасы еңсерілген. Осы мақсатқа қазынадан жалпы сомасы 43,2 миллиард теңге бөлінген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, ауылдық жерлерде құны 33,9 миллиард теңге тұратын  осындай 235 жоба тиянақталған.  Аталған бағдарлама шеңберінде 10 жылға 3 триллион теңге бағышталған. Демек бұл  жылына  300 миллиард теңге  тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге жұмсалады деген сөз.

  Биыл Үкімет отырысында есеп берген ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің баяндамасын тыңдасақ,  ел халқын сумен қамту қарқыны енді қарқын алғандай. Алқалы жиыннан түйгеніміз, 2025 жылға дейін 87 ауылдық мекен ауыз сумен қамтылады. Қазіргі кезде елімізде жалпы ұзындығы 15,5 мың шақырымды құрайтын 74 топтық су құбыры бар. Оның 13 мың шақырымы республикалық меншікте. Онда 37 топтық су  құбырлары тіркелген. Осы құрылғының арқасында  бүгінде 608 ауыл  сапалы ауыз сумен өзек жалғап отыр. Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, 2019-2020 жылдың аралығында бөлінген қаржыға әлеуметтік маңызды топтық су құбырлары  бойынша бірқатар міндеттер еңсерілген. Мәселен, 2019 жылы  Павлодар облысына тиесілі Май, Беловод, сондай-ақ Қарағанды облысындағы Жәйрем-Қаражал  топтық су құбырлары ел игілігіне берілген. Айтпақшы,  Батыс Қазақстан облысындағы  Жымпиты  топтық су құбырларындағы барлық міндеттер жыл соңына дейін тәмамдалады деп отыр.      

— «Қорыта айтқанда, сапалы ауыз суға зар болған 37 елді мекенге жаңа су құбырлар  тартылады. Адам басына есептегенде 46 мыңға жуық тұрғын таза суға қарық болады. Осы тұрғыдағы жұмыстар 39 елді мекенде де жүріп жатыр. Ондағы кетеуі кеткен су  құрылғылары жаңартылу үстінде.  Сөйтіп, 286,7 мың тұрғын сапасы сын көтермейтін судан құтылады. Министрдің жоспары жүзеге асатын болса, 2025 жылға дейін 11 топтық су құбырлары ұзартылып, қайта өңділеді. Бұған дейін тіршілік нәріне жете алмай отырған 87 елді мекен таза су алады. Бұл 103,7 мыңға жуық қарашаны қамтиды.  Осы міндет арқылы 3 шахардың су құбырлары жаңа тұрпатқа енеді. Сүйтіп, сапалы суды көксеген 94 мың қала тұрғындардың сұранысы орындалмақ,- деп ұрандатқан сала министрінің уәдесінің қаншалықты орындалатынын уақыт еншісіне қалдырмақпыз,-дейді министр Мағзұм Мырзағалиев. 

Сөйтіп, алдағы 5 жылда жоспар жүз пайызға жеткенде  3 мыңнан астам шақырымға топтық су құбыры салынады.  

Әйткенмен, халықты  табиғаттан келетін аталған қызмет түрімен жеткілікті қамту біркелкі емес. Бұл жолда бірқатар ірікілістер.  Сондағы негізгі проблема- су жүйесін тарту саласы мамандарының жеткіліксіздігін айтуға болады.  Мұны 5 жыл бұрын  « Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін жобалаудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық конференецияда  Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ұлттық палатасы Президиумын төрағасы болған Жаңбыршы Нүркенов тілге тілге тиек еткен еді.

-  Жөндеу жүргізу бойынша өткізілген тендерде біліктілігі төмен  ұйымдар жеңіп алады. Соның кесірінен құрылыс жұмысында  көптеген олқылықтар орын алып жатады. Аяғында мемлекеттің миллиондаған қаржысы құрдымға  кетіп, жұрттың үміті ақталмайды, -деген еді. Спикер айтқан ендігі қиындық күні бүгінге дейін бар.  Оның сөзінше, еліміздегі жоғары оқу орындарында су саласының мамандарын даярлайтын бөлімдер жеткіліксіз. Ауқымды проблемаға  қоғам  жіті  көңіл аударатын кез келді.

Жасыратын жоқ, қазір аймақтарда  жұрттың ауыз су тұтыну көрсеткіші әрқилы. Айталық, Қарағанды облысының елді мекендеріне ауыз су жеткізетін Кеңгір су қоймасынан бір шақырым резервтік су тартқыштың құрылысы аяқталды. Өңірде халықты орталықтандырған өзек жалғайтын таза сумен қамту бойынша 90 жоба игеріліп жатыр. Бірақ, бұл тараптағы түйткіл Жезқазған қаласында өткір тұр. Осы мәселені шешу үшін Кеңгір су қоймасынан бір шақырым резервтік  су тартқыш салынды. Ал, Сәтбаев қаласы ауыз суды жаңа жабдықтау  жүйесі арқылы алып отыр.  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің бас жобалау институты мысты шаhарды сумен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы  Есқұла су тартқышын қалпына келтіру жобасын бастаған болатын. Үстіміздегі жылдың мамыр айында облысқа сапармен келген вице-премьер ондағы халықтың әлеуметтік мәселесін шешу Үкімет бақылауында екенін жеткізді. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «Кеңгір»  су қоймасынан қосымша сумен жабдықтау жүйесі екі айдың аралығында шешіледі деп уәде берді. 

Тегтер: ауыз су мәселе әкім жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31