Әлеуметтік саланы жақсартуға баса назар аудару қажет

Сайт әкімшілігі

26.12.2020, 19:39

615

Сайлау алдындағы үгіт аясында Жалтыр ауылының жергілікті қоғамдастық өкілдері «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидатпен кездесті.

Анатолий Викторович Мальков осы уақытқа дейін «Nur Otan» аудандық депутаттық фракциясының жетекшісі, кәсіпкер және азаматтық ұстанымы жоғары адам болған. Кездесуді ашқан кандидат «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.

— Біз, партиялықтар, бүгінде азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін нақты түсінеміз, — деп атап өтті Анатолий Викторович.

2020 жыл аяқталып, ол барлық адамдар үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия бізді жаңа басымдықтарға итермеледі және ең бастысы – адамдардың денсаулығы.

Депутаттыққа кандидат карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты халыққа көмек көрсету шараларына егжей-тегжейлі тоқталып, ауданда наурыз-мамыр айларында 5189 адам және мәжбүрлі демалысқа шыққандардың ішінен шілде айында 2461 адам 42.5 мың теңге мөлшерінде мемлекеттен материалдық қолдау алғанын атап өтті. Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 3,3 мың адам жалпы сомасы 18,6 млн. теңгеден астам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. Аз қамтылған 80 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 6 жасқа дейінгі 92 бала кепілдендірілген әлеуметтік қалташалармен қамтылған.

Елбасы бастамашы болған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер аудандағы 539 отбасына жалпы сомасы 9.2 млн.теңгеге азық-түлік себеттерін жеткізді. 50 мың теңгеден 1247 адам жалпы сомасы 62 млн. теңгеден астам қаржылай көмек алды.

«Біздің партиямыздың басты мақсаты – адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау», — деп қорытындылады өз сөзінде кандидат Анатолий Мальков.

Астрахан ауданындағы Жалтыр ауылы — дамыған өнеркәсіптік аймағы бар ірі елді мекен. Депутаттыққа үміткермен кездесуге қатысушылар ауылды абаттандыру, атап айтқанда, жолдарды жөндеу мәселелерін қозғағаны жаңалық емес. Оларға жауап бере отырып, Анатолий Викторович өткен екі жыл ішінде Жалтырда абаттандыру жағынан көп жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ауылдың орталық көшесі мен базар алаңы асфальтталды, көше жарығы пайда болды. №4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте абаттандыру жұмыстары жалғасатын болады. Алдағы жылға аудандық бюджет аясында жөндеу жұмыстары жоспарланған

Кездесу соңында Анатолий Мальков барлығына денсаулық тілеп, «Nur Otan» партиясына өз күш-жігерін бағыттап отырған әл-ауқатқа қол жеткізуді тіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08