21.01.2021, 16:13
1026
Бүгін Қарағандылық құқық қорғаушылар осындай мәлімдеме жасады. Қазыбек би аудандық прокуратурасы мен жекеменшік сот орындаушылар Палатасының өкілдері сондай-ақ, полиция басқармасының заңгерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерді тауып, оларға талапты күшейтті. Сенімді дерек көзіне сүйенсек, аймақта перзенттері алдында мойынындағы қарызын өтеуден тайсақтаған 21 мың еркек бар. Олардың бұрынғы некеден қалған балалары алдындағы төленбеген өтемақысы 300 мыңнан, 5 млн теңгеге асып түскен. Құқық қорғаушылар алаңсыз тайраңдаған «көкек әкенің» бірінің көлігін тәркіледі. Заңнан тайсақтап, ұзын арқан, кең тұсауға салынған азамат бала-шағасына 2018 жылдан бері көк тиын төлемеген. Қазірге дейінгі берешегі бақандай 3 млн теңгеге жеткен.
Нұрсұлан Қалдырбай Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры
— Бұл азаматтың «Volkswagen Passat» көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Оған қарыз қайтаруға он күн мерзім берілді. Осы уақыт аралығында талапты орындамаса, темір тізгіні сатуға қойылады.
Енді әпербақан әкелердің жылжымайтын мүлкі аукцион арқылы сатылып, одан түскен қаражы перзенттеріне алимент ретінде төленеді. Заңгерлердің бастамасымен қолға алынған рейд енді жүйелі түрде өткізіледі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР