Алматы іргесіндегі жерлер қайтарылды

Сайт әкімшілігі

03.02.2021, 10:55

1097

Алматы облысына қарасты Іле ауданында жергілікті билік пен халық арасында өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан 71 ескерту мен ұсыныстар түсті. Карантин жағдайында бас қосулар онлайн өтіп жатса да бұқара белсенді.

Іле Алматыдай мегаполиспен іргелес жатқан аудан. 26 ірі және орта кәсіпорыны 428, 0 млрд. теңгеге өнім өндіреді. Облыс бойынша аудан өнеркәсібінің үлесі 36,6% жетті.

«Былтырғы жылы 720 жаңа жұмыс орындары құрылып, 20 өнеркәсіп нысаны қолданысқа берілді, 14 кәсіпорын өз өндірістерін кеңейтті. Жоспарланған 15 өнеркәсіп нысандарының іске қосылуы (жылына 42,0 млн. инкубациялық жұмыртқа өндіретін «Наурыз Агро» ЖШС құс фабрикасының 1-кезеңі, «Мұқағали 50 Вт» күн электрстанциясы, «Нила фуд» кондитерлік цехы, «Никэм» пластикалық заттар шығаратын цехы, «База брюэри» алкогольдік заттар шығаратын кәсіпорын), 12 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістерінің кеңейтілуі  және индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың толық жобалық қуаттылығына шығуы арқылы 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 430,0 млрд. теңгеге дейін жеткізіп, 730 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», — деді халыққа есеп беру жиынында аудан басшысы Бағдат ҚАРАСАЕВ.

Ауданда өнеркәсіп өндірісінің 42,5%, яғни 182,1 млрд теңге кіші және орта бизнес кәсіпорындарынан түседі екен. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 86,1 млрд теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 102,1% құрады, ал 2021 жылы 93,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Жалпы ауыл шаруашылығы  саласын қолдауға 3,5 млрд теңге субсидия бөлініпті.

«Мал шаруашылығында 88,5 мың тонна ет өндірілді, 2021 жылы 96,0 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. 56,9 мың тонна сүт сауылды, 2021 жылы бұл көрсеткішті 57,5 мың тоннаға жеткізу көзделуде. Сонымен қатар 126,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылы 102,5 млн. данаға жеткізу жоспарлануда. Жоспарланған жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының көрсеткіштері орындалды.87,5 мың. тонна дәнді дақылдар (100,8%), оның ішінде дәнді жүгері – 70,9 мың.тонна (100,6%), майлы дақылдар – 16,6 мың.тонна (95,1%), сонымен қатар, картоп – 39,2  мың.тонна (103,5%), көкөністер – 136,3 мың.тонна (103,7%), бақша дақылдары – 27,0 мың.тонна (102,2%) өндірілді», — дейді әкім. 

Сондай-ақ, жергілікті әкімдік 2018-2020 жылдар аралығында 50 228 га игерілмеген жерді анықтаған. Оның 10 340 гектары егістікке арналса,  39 888 гектары жайылымға арналған екен. Жалпы бос жатқан жердің 20 503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, 23041, 4 гектар қайта пайдалануға берілген.

Тегтер: жер телімі әкімдік жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 22.09.2021, 17:15
Оралдық Қайрат бағбан Қазақстанды таңғалдырмақ
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 09:47
Жол сапасы неге шытынайды?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.09.2021, 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 21.09.2021, 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 21.09.2021, 08:30
Қарағандыда үлескерлер пәтерлерін ала алмай жүр

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39