30.11.2020, 12:03
610
Алматы облысына қарасты бірқатар жолдар жабыла бастады. Бұл туралы «Жас Алашқа» облыстық төтенше жағдайдар қызметі хабарлады.
«Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 30 қараша күні сағат 9.30-дан бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну), Алматы — Өскемен — Қапал-Арасан санаторийі аймақтық автожолының учаскесінде барлық көлік түріне көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл жолдар жабылды»,-дейді облыстық төтенше жағдайлар баспасөз қызметі
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР