Алматы облысында 20-шы сервистік әкімдік ашылды

Еркежан АРЫН

10.12.2020, 16:48

535

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының Талғар ауданында сервистік әкімдік ашылды. Бұл — Алматы облысы бойынша ашылып отырған 20-шы сервистік әкімдік. Енді аудан тұрғындары әр бөлімдерді жан-жақтан іздемей-ақ қажетті қызметтерді бір ғимаратта ала алады, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сервистік әкімдіктің ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов арнайы қатысып, жасалған мүмкіндіктермен танысып қайтты. «Open space» қағидатымен жұмыс істейтін орталықта 9 мекеме тұрғындарға жылжымайтын мүлік рәсімдеу, құрылысқа рұқсат алу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, электрондық цифрлық қолтаңба аштыру, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары және басқа да салалар бойынша жалпы саны 48 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мұнда күту залы мен балаларға арналған шағын ойын алаңы бар. Қазірдің өзінде қызу жұмысын бастаған орталыққа келуші тұрғындар мұндағы электронды кезектің, қажетті қызметті бір жерге шоғырландырудың қолайлы екенін айтуда. Орталық қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов нысанның ашылуы кезінде:

— Бұл – Алматы облысында ашылып отырған 20-шы сервистік әкімдік. Осы жобалар халыққа жақын болуға, ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгін сервистік әкімдік ашу арқылы Талғар ауданының тұрғындарына қолайлы жағдай жасалып отыр. Мемлекеттік қызмет алу бойынша азаматтардың сауалдарына осында отырған мамандар жауап береді, тиісті қызмет көрсетеді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін "құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру», — деді.

Сондай-ақ ғимаратта «Жетісу – адалдық алаңы» жобасымен жабдықталған азаматтарды қабылдау кабинеті орналасқан. Бұл жерде аудан әкімі, әкім орынбасарлары, мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Еске салсақ, осыдан бір жарым жыл бұрын республикада алғашқы болып «Сервистік әкімдік» Қаратал ауданында ашылып, өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсетілген болатын. Мұнан кейін облыс әкімі Амандық Баталов:

— Барлық аудан-қалаларда Сервистік әкімдіктер ашуды жыл соңына дейін аяқтауымыз керек. Онда қызмет алушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатын болсын. Мекемелерге кіру шектелген қазіргідей кезеңде әр жерге жүгіріп жүрмей, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын осындай Сервистік әкімдіктер халыққа аса қажет, — деген еді. Сөйтіп, бүгінге дейін мұндай қызмет көрсету орындары облыстағы 17 ауданның орталығында, 3 қалада түгелдей ашылып үлгерді. Олардың басым бөлігінде мүгедектігі бар адамдар үшін шақыру қоңырауы, пандус, гигиеналық бөлмелер орнатылған, Брайль қарпімен жазылған тақтайшалар да бар.

Сонымен қатар өңірде 2 мыңнан астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. «Egov Жаршысы» жобасы аясында 400-ден астам волонтер тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде қалай алуға болатыны туралы түсіндіру жүргізеді. Ол өз нәтижесін беріп те отыр.  

Әсіресе, пандемия кезінде мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың маңыздылығы айқын көрінді. Оған қоса ол ашықтық пен жариялылық өлшемдеріне сай келеді және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға ықпал етеді. Сондықтан облыс әкімдігі тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің  автоматтандырылуы бүгінгі күнге 90%-ға жуықтады.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15