21.12.2020, 09:21
1105
Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, — деп хабарлайды өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.
2020 жылдың 21 желтоқсан сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы автожолдардың ауа райының қолайсыздығына — қар, бұрқасын, көрудің нащар болуына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды. (558-615 шақырым аралығы, Үшарал-ШҚО шекарасы).
Алматы облысының ТЖД тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР