Алматы облысында швейцариялық мал шаруашылығы кешені салынбақ

Еркежан АРЫН

21.05.2021, 14:07

423

Алматы облысында жылына 50 мың шошқа өсіріп, 30 миллион еуроға жуық инвестиция тарта алатын селекциялық-буданды мал шаруашылығы кешенін салу жоспары қарастырылды. Нақтырақ айтсақ, облыс әкімі Амандық Баталов пен швейцариялық-украиналық KS Genetics Switzerland SA компаниясының өкілдері арнайы кездесуде осы ұсынысты талқыға салған болатын.

Облыс әкімі Амандық Баталов:

— Біз қант қызылшасы, жүгері өсіруге маманданғанбыз, облыста сояның республикалық көлемдегі 95% үлесі өсіріледі. Ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу де рельстерге қойылған. Бізде екі үлкен қант зауыты бар. Биыл қант қызылшасының егіс алқабын 16,3 мың гектарға, қант өндірісін 55 мың тоннаға дейін ұлғайтамыз. Сондай-ақ, мал шаруашылығы саласын, оның ішінде трансұлттық компаниялармен бірлесіп дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Неміс және американдық компаниялармен бірлесіп ұсақ және ірі қара малдан ет өңдеу бойынша екі ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біз әрдайым серіктесе жұмыс істеуге ашықпыз, — деді.

Бұған дейін 2017 жылы Алматы облысы мен Швейцарияның Тичино кантоны аймақтық деңгейде ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды. Швейцарияның KS Genetics президенті және акционері Филиппо Ломбардиосы фактіні айта келе:

— Бүгінгі кездесу соның нақты жалғасы болды. Біз мал шаруашылығы кешенін салу жобасын украиналық серіктестермен бірге заманауи швейцариялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырып жатырмыз. Генетика саласымен жұмыс жасаймыз, бірақ табиғаттан тыс емес, оның ішінде. Бұл табиғи генетика. Жергілікті тауар өндірушілермен мал шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялармен бөлісуге дайынбыз, — деді.

Филиппо Ломбарди сонымен қатар кешеннің мақсаты генетикалық манипуляциясыз, кепілдендірілген өнімділігі бар, ауруларға төзімді таза шошқалар шығару екенін айтты.

Жоба туралы KSG Agro Директорлар кеңесінің төрағасы, KS Genetics Switzerland акционері Сергей Касьянов толығырақ айтып берді:

— Жобаның бірінші кезеңінде біз 25-30 миллион еуро инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Мал шаруашылығы кешенінің құрамына репродуктор, ферма және жем фабрикасы кіреді. Сонымен қатар, сіздердің аймақтарыңызда соя мен жүгері бар. Біз өзімізге қажет көлемді өсіру үшін бірден өңдеу жұмыстарын жүргізулері үшін жергілікті фермерлерді қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Енді біз үшін жобаны болашақта жүзеге асыратын орынды бірге анықтау маңызды. Бұрын осы типтегі шаруашылықтар орналасқан алаңдар да біз үшін қолайлы. Біз дайын өнімді Қытайға экспорттаймыз», — деді ол.

Амандық Баталов барлық қажетті қолдау көрсетілетінін баса айта келе, жобаға ауылшаруашылығы, инвестиция және кәсіпкерлік салаларына жауап беретін орынбасары Серік Тұрдалиевке тапсырма берді.

«Айтылып отырған жоба – жаңа өндіріс, бұл яғни жұмыс орындарын, бюджетке салық түсімдерін және аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруды білдіреді. Швейцария технологиясы бүкіл әлемде жоғары бағаланады, сондықтан бізбен бөліскендігі өте жақсы. Бизнестің жол картасы шеңберінде біз кәсіпорынға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп бере аламыз. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында сату нарығы мүмкіндігінше жақын болу үшін логистикалық база құруды ұсынамын. Контейнерлер құрғақ порт арқылы Еуропаға 10-12 күнде, Қытайға 3-4 күнде жетеді. Бұл өте ыңғайлы шешім», — деп түйіндеді Амандық Баталов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02