Алматы облысының экономикасы пандемия жағдайында өсімді сақтады

Еркежан АРЫН

10.12.2020, 15:11

267

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағыты негізделуі тиіс жеті негізгі қағидатты атады. Олардың ішінде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын Президент басты басымдық ретінде айқындады. Алматы облысында әлеуметтік сала мәселелері қалай шешілуде, өңір халқына, оның ішінде пандемия жағдайында шағын және орта бизнеске қандай мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр және өңірдің 2020 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қандай — материалдан оқыңыздар.

Экономиканың дамуы үшін туындаған қиын жағдайларға, тіршілік етудің барлық салаларына әсер еткен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған жағымсыз факторларға қарамастан, Алматы облысы осы жылдың 7 айында экономиканың барлық негізгі салалары бойынша оң динамиканы және көрсеткіштер өсімін сақтап қалды. Өнеркәсіпте 636 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 264,2 млрд теңгеге жетті немесе 102,4% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,4 млрд теңгені құрап, 6,6%-ға өсті. 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны 118,3%-ды құрады. Облыс экономикасына 292,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға көп.

Жалпы облыс бойынша 38,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 15,6 мыңы — тұрақты. Карантин кезеңінде жұмыссыз қалған азаматтарды жұмысқа орналастыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы айтарлықтай көмек көрсетті, оның шеңберінде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 109,2 млрд теңгеге 977 жоба іске асырылып жатыр (оның ішінде 1,8 мыңы тұрақты және 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша). 2020 жылы ішкі өңірлік өнім көлемі 3343,5 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Осы жылдың І тоқсанында ЖӨӨ көлемі 672,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1%-ға өсті. Алайда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты осы жылдың сәуір айынан бастап қысқа мерзімді экономикалық индикатор (бұдан әрі — ҚЭИ) төмендейді. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде ҚЭИ 99,4%-ды, қаңтар — мамырда 98,2%-ды, қаңтар-маусымда 99,9%-ды құрады. Соның нәтижесінде, жыл соңына қарай ЖӨӨ НКИ өсу резервтерін ескере отырып, 97% деңгейінде күтілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33