Алматыда креативті индустрия апталығы өткізілді

Бифат ЕЛТАЕВА

21.11.2022, 10:18

675

Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерді дамытуға қатысты жұмыстар Алматы қаласында жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Яғни «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша тек қаланың инфрақұрылымдық жағынан дамуы емес, халыққа рухани жағынан қолдау білдіруі де кіреді.

Осы орайда, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес өңірде қарашаның бірі мен бесі күні аралықтарында Алматы халықаралық көшбасшылары мен қазақстандық сарапшылар, мемлекеттік сектор өкілдерінің талқылау алаңы құрылды. Аталмыш форумға 30 халықаралық ұйымнан 130 спикер қатысты.

Атап айтсақ, талқылау алаңына Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Франция, Қырғызстан, Өзбекстан, Франция елдерінің өкілдері мен креативті білім беру, хабтар мен креативті сигмент ұйымдары қатысты. Форумның ерекшелігі де осында. Креативті индустриялар апталығы жай ғана өткізіліп қоймайды, онда көрмелер мен перфоманстар, қол өнершілердің форумы мен авторлық туындылардың көрмесі өткізіледі. Апталықпен қатар Тимур Бекмамбетовтің «Профиль» фильмінің премьералық көрсетілімі мен Дота 2 пәні бойынша CIW Esports Cup киберспорт турнирінің финалы өткізілу жоспарға енгізілген.

Аталмыш апталық барысында креативті экономиканың дамуы туралы сөз де қозғалып, қатысушы сарапшылар тиісті сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар креативті апталыққа сай қазіргі таңда креативті экономиканы әлемде барлық елдер дамытуды қолға алып, қай елдің болса да экономикасының қозғаушы күші ретінде жұмыс жасауды бастамақшы.

Сондай-ақ апталық барысында Алматы қаласы бойынша креативті индустрияны дамытуға қатысты жиырма екі мың кәсіпорын жұмыс жасап, нәтижесінде соңғы екі-үш жылдың қорытындысына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері 5,4 миллиард теңге салық төлеген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Алматы креативті индустрия апталығының ашылу салтанатында айтты.

 - Ұйымдастырылып жатқан форум Алматы қаласы мен креативті қоғамдастықтың барлық өкілдері үшін ашық сұхбат алаңы мен тәжірибе алмасуына септігін тигізеді. Әрі креативті индустрияның сапалы дамуына қажетті жаңа бизнес үлгісін анықтауға мүмкіндік береді. Осы орайда, біздің даму бағытымыз сәулет, дизайн және заманауи өнер мен музыка, кино және анимация, сән, қолөнер, цифрлы мәдениет, киберспорт, гейм-девелопмент саласында өрбитін болады, – дейді Әлішер Әбдіқадыров.

Шараға сәйкес, алдағы уақытта креативті индустрияны дамыту мақсатында Алматыда үш креативті хаб пен ІТ хаб, қалалық венчурлы қорлар мен халықаралық деңгейдегі 2 бейне және дыбыс жазу студиясын ашу жоспарланған. Бұл жоба 2030 жылға дейін креативті индустрия саласын кешенді дамытып, өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі креативті индустрия үлесін 5 пайызға дейін жеткізу арқылы креативті индустрия экспорт қызметін бес жүз миллион АҚШ долларына дейін арттыру арқылы экономикамыздың дамуына үлесін қосады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 15:32
Өңірде жаңадан 21 мектеп салынады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 14:28
Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы алдыңғы қатарда
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 08:59
Астанада бір жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 08:54
Шымкентте 600-ден астам отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2022, 08:43
Мұғалім мәртебелі ме?
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 14:07
Алматыда өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маңызы зор

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43