Алматыдағы балалар оңалту орталығының экс-директорына қатысты сот үкімі шықты

Сайт әкімшілігі

07.06.2021, 15:06

2868

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығының экс-директорына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Сот анықтауына сәйкес, 2020 жылдың 30 желтоқсанында экс-директордың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осы мекеменің 22 қызметкеріне сыйақы ретінде 2 331 169 теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданған.

Яғни, 2020 жылдың 31 желтоқсанында А есепшілеріне жалпы сомасы 939 000 теңгені құрайтын сыйақыны жинап, өзіне беруді тапсырды. Осылайша, сот А.-ның өз пайдасы үшін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанны, бұл мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырғанын анықтады, яғни ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Прокурор оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады (2 917 000 теңге).

Сотта түсіндірілгендей, Қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігінің санкциясы 2000 АЕК-ке дейін айыппұл түрін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегуді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазалауды көздейді. Немесе екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сот үкімімен бұрынғы басшы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот сотталушы келтірілген залалды толық көлемде өтегенін, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінгенін ескерді. Сонымен бірге, ауырлататын мән-жайлар келтірілген жоқ. Осыған байланысты, А.-ға мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39