Алматының индустриалды аймағында жаңа жобалар қолға алынуда

Еркежан АРЫН

06.10.2021, 11:00

203

Алматының индустриалды аймағында 2023 жылға дейін төрт жаңа өндірістік парк пен полиэтиленді өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) отырысында белгілі болды.

Мегаполистің инвестициялық тартымдылығын атап өткен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев:

—  Бүкіләлемдік Банктің субұлттық рейтингінде Алматы бизнесті жүргізу бойынша Қазақстанның барлық өңірлері арасында бірінші орында тұр. Осы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша Алматыда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 126,5%-ға өскен және 460,7 млрд теңгені құраған болатын. Сондай-ақ, өткен жылдың күзінде Fitch агенттігі Алматы қаласының BBB деңгейіндегі несиелік рейтингін бекітті және инвестициялар тарту мәселелерінде оператор болып табылатын «Алматы «ӘКК» АҚ-на ВВВ деңгейінде несиелік рейтинг берілді, бұл инвестициялар үшін тәуекелдің төмен деңгейін көрсетеді.

Әлеуетті инвесторлар 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салуға дайын, олардың бір бөлігін «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырады.

«Almaty Finance» ЖШС – несиелік мекеме, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Аталмыш мекеме Алматы қаласындағы жеке кәсіпкерлікті қаржыландырудың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тырысады. Оның ішінде шағын және орта бизнес жобаларын несиелеу және айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландырумен қамтамасыз етумен айналысады. Нақтырақ айтқанда, несие сомасы 20-500 млн теңгеге дейін, 2 жылдан 7 жылға дейін, 2 және 6% пайыздық мөлшерлемені құруы мүмкін..

Басым бағыттары:

  • Тамақ өнеркәсібі (ауылшаруашылық өнімдерін ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдерге өңдеу);
  • IT саласы;
  • Халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерін өндіру;
  • Жеңіл өнеркәсіп;
  • Ағаш және тығын бұйымдарын өндіру;
  • Металл бұйымдарын өндіру;
  • Жиһаз, қағаз және қағаз бұйымдарын өндіру;
  • Өндірістің басқа түрлері.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірістік парктерде ролл перделерді, жиһаздық скобтарды, гидравликалық қосалқы бөлшектерді, радиациялық бақылау саласындағы өлшеу құралдарын, ашық спорттық жабдықтарды, фанерлерді, ағаш материалдарын, ламинатты, ковроланды, есік-терезелерді, асүй мен тоңазытқыш жабдықтарын, киім, аяқкиім, тоқыма, сондай-ақ кеңсе және жұмсақ жиһаз шығаратын болады.

Жаңа өндірістік парктердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрден асады, мұнда 760 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Алматыда барлығы 11 шағын өндірістік парк іске қосылды, оның ішінде аудандардағы бес өндірістік парк бар. Олар – «БротМастер» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС, «Samruk Group» ЖШС, «CityBus» ЖШС, «AsiaProm Textile» ЖШС. Жалпы алаңы 17 мың шаршы метрден асады. Индустриалды аймақта тағы алты шағын өндірістік парк құрылған: олар – «Ala Estate» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «Qazaq Plast» ЖШС, «Алтын Дәурен Бизнес» ЖШС. Бұлардың жалпы алаңы 31,2 мың шаршы метрден астам.

«Almaty Finance» компаниясының жобаларды қолдау департаментінің директоры Нұржан Садықов қндірістік парктерді ашу жобасы туралы былай деді:

— Жобаның мәні жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды қайта құру мен жаңғырту болып табылады. Сондай-ақ, осы индустриалды парк аумағында бірыңғай кластер құру міндеті қойылды, яғни ұқсас бағыттағы жобаларды орналастыру. Бұл арада жалдау құны 5-7 жылға 1 шаршы метрге 1000-1200 теңгенің төмен және бекітілген мөлшерлемесі бойынша ұсынылады. Бірінші жоба жиһаз өндірісін ұйымдастырумен байланысты болған, оны «Фурнита» компаниясы жүзеге асырады. Жоба арқылы екі нәтижеге қол жеткізілуге болады. Яғни, біз индустриалды парктің құрылысын қолдадық. Ал қазірдің өзінде оның аумағында біздің қолдауымызбен жиһаз өндіру жобасы жүзеге асырылуда. Егер біз индустриалды паркті жылдық 6%-бен қаржыландырсақ, онда жиһаз жобасы 2%-дан қаржыландырылды. Біз 2 жылға және 6%-ға 7 жылға дейінгі инвестициялық мақсаттарға, 3 жылға дейін – айналым қаражатын комиссиясыз қолдау үшін несие ұсынамыз. Несиелеу бағдарламаларының бірегейлігі біздің клиентпен тікелей қарым-қатынаста болуымызда және қызметтердің ауқымын көрсетуде.

Бүгінде шағын өнеркәсіптік парктер сусындар, құрылыс материалдары, қағаз өнімдері, дезинфекциялаушы заттар, комбинезон, металл конструкциялар, жиһаз, галантерея, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығарады.

Алматыдағы жаңа жобаларды ескере отырып, 2022 жылға қарай 5,9 млрд теңге инвестиция құйылатын 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейтін болады, олардың жалпы алаңы 73 763 шаршы метрді құрайды, осының арқасында 1500-ден астам жұмыс орны құрылады.

ӨҮК қатысушылары индустриалды аймақ аумағында полиэтиленді өңдейтін зауыт құрылысының жобасын қарады. «Best-Plust Products» ЖШС 2023 жылға қарай жылына 400 миллион дана полиэтилен пакет шығаратын кәсіпорынды іске қосады. 35 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Компания қалдықтарды қайта өңдейтін Green Recycle зауытымен полиэтилен қалдықтарын жинау жөніндегі меморандумға қол қойды. Өндірістегі қайта өңделетін полиэтиленнен жасалатын өнімнің үлесі 30 пайызға дейін барады.

Осыған дейін ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманис Алматыға инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің қала дамуында ерекше рөл атқаратынын және бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда, шетел инвесторларын салықтық және кедендік әкімгерлеу, виза беру, кіруге рұқсат ету процедураларын, қажетті инфрақұрылымды құру, жасыл экономика қағидаттарын ұстанып енгізу және цифрландыру деңгейін арттыруға қатысты істерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.

Естеріңізде болса, осы жыл басында қаладағы инвестициялық ахуалды көтеру мақсатында Алматы әкімінің өкімімен Кеңестің қызметі қайта қолға алынып, қатысушылар құрамы өзгерісді, яғни Кеңеске шетелдік қауымдастықтардың, сауда палаталары мен қаржы ұйымдарының өкілдері де енді. Кеңестің басты міндеті инвестициялық ахуал мен инвестициялық стратегияны жақсарту бойынша ұсынымдарды мен ұсыныстарды өңдеу, шетелдік инвесторлардың өзекті мәселелерін шешу болып табылады.

Тегтер: инновация инвестиция ғылым өндіріс өнертапқыш

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29