04.12.2020, 10:48
768
Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина облыста шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
«Жас Алашқа» жіберілген хабарламада бұған қатысты былай делінген:
— Жаңа құжат бойынша, барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға 21.00-ден 06.00-ге дейін үйден шықпауға кеңес беріледі, келесі жағдайларды қоспағанда: азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемелерге бару. санитарлық бекеттер арқылы кедергісіз шығуға/кіруге (жол парақтарын, жұмысқа нарядтарды, іссапар және т. б. ұсынған кезде) рұқсат етіледі:
— медициналық көрсеткіштері бойынша кететін және келетін адамдар; — транзит жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар; — вахташылар тасымалдайтын автокөлік; — КВИ таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған адамдар мен көліктер үшін; — тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар; — тұрақты мекенжайына оралған Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғындарына рұқсат беріледі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР