08.11.2021, 13:06
664
Ақтауда 7 қараша күні кешке жарылыс болған «Шерқала» кешенінде орналасқан «Аянат» кафесінің қожайыны оқиға кезінде мекемеде ешкім болмағанын айтты. Кәсіпкердің пікірін қала әкімдігі Instagram парақшасына жариялады.
Кәсіпкердің айтуынша, оның мекемесі принцип бойынша уақытында жабылады.
«Мен кафемді сағат 19.30 шамасында жауып тастадым. Сондықтан кафеде жұмысшылар да, қонақтар да болған жоқ. Көршілерді білмеймін, мен оларға жауапты емеспін», — деді Абай Әміреев.
Жергілікті биліктің мәліметінше, екі қабатты «Шерқала» кешенінің ішінде жұмыс киімдерін сататын дүкен, автобөлшектер, мейрамхана, монша, техникалық қызмет көрсету бекеті, қойма сияқты нысандар бар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР