Арызын билікке жеткізе алмаған

Ауыл халқы жолдарын өздері жөндеуде

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

22.09.2020, 04:25

984

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің назарына!

                               

     «Жол мұраты – жету» деген халықпыз. Дегенмен Қарағанды облысында осы мұратқа жете алмай, діңкелеп жүрген қаншама ауыл бар. Тіпті биліктен күдер үзген кейбір ауыл  тұрғындары өздері ақша жинап, жолдарын жөндеп алып жатыр.

                           «23 жыл жөнделер деп күттік»

     Жақында Жаңаарқа ауданының  М.Жұмажанов атындағы ауыл тұрғындары үш шақырым жолды өздері жөндеуге бүкіл халық болып кірісті. Ауылдағы ағайын ақша жинап, жолдың ой-шұңқырын тегістеп,  өздері жөндеп шыққан. Бұл – Атасу-Алашаңкөл  мұнай құбыры станциясы мен Жаңаарқа ауданын жалғап тұрған жол бөлігі. М.Жұмажанов ауылының ар жағында «ҚазТрансОйл» компаниясының мұнай құбыры станциясы орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, осы станцияға өтетін компанияның жүк көліктері жолды іске алғысыз қылып тастайды. Әлеуметтік желіге бейнежазба таратқан ауыл тұрғыны жұрттың 23 жыл бойы жол жөндеуді тосқанын айтып, наразы пікір білдірді. «Билік жолды жөндеп береді деген үмітіміз үзілді. Осы ой-шұңқыры көп жолда талай рет көлігіміз шашылып қалды. Енді күтіп отыруды жөн көрмедік. Ауыл тұрғындары цементке, басқа да құралдарға ақша жинап,  жолдың шұңқырын тегістеп алдық», – деп жазған-ды Сәрсен есімді ауыл тұрғыны .     Жаңаарқа ауданының әкімшілігі ауыл жұрты жабылып жүріп  жөндеген жолдың  «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының теңгерімінде екенін мәлімдеді. Аталмыш жол бөлігін күрделі жөндеуге «ҚазТрансОйл» АҚ есебінен 66,5 млн теңге қаражатқа ашық конкурс жарияланған. Бұл конкурс «Самұрық-Қазына» мемлекеттік сатып алу порталында өткізілді. Алайда байқау жеңімпаздары жұмыс істеуден бас тартып, конкурс қайта жарияланған екен. «Жергілікті атқарушы орган осыған дейін ауыл тұрғындарына «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жолды жөндеуге ақша бөлгені туралы хабарлаған болатын. Конкурстық шаралар көпке созылып кеткендіктен, көлікпен қатынауға қиындық тудыратын аумақтарды ауыл тұрғындары мүмкіндігі келгенше жөндеуде», – деп мәлімдеді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.      Жолдың қашан жөнделетінін сұрап білу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы «ҚазТрансОйл» компаниясының бас кеңсесіне хабарластық. Мұндағы мамандар ауыл тұрғындарының жолды жөндегенінен хабардар екенін айтқанымен, жол жөндеуге қатысты басқа мәліметтермен бөлісуден бас тартты. Осылайша қарамағындағы жолды қадағалай алмаған алпауыт компанияның кесірінен ауылдағы қараша халық зардап шегіп отыр.       2017 жылы Ынтымақ ауылының тұрғындары ауданнан ауылға қатынайтын жол әбден діңкелеткен соң, өздері 5 млн теңге қаражат жинап, 25 шақырым жерді жөндеген. Алайда ауыл тұрғындары бұл жолды сол маңайдағы жекеменшік фирмалардың жүк көліктері жарамсыз қалыпқа қайта түсіргенін айтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31