«Асар» оңалту кешені жаңа ғимаратқа көшеді

Сайт әкімшілігі

08.12.2020, 12:52

549

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың  асар деген сөзге де, атауға да ерекше ден қоятыны байқалады. Өңірде асарлатып үй салу бастамасын көтерген облыс басшысы күні кешегі  Тараз қаласындағы жұмыс сапары барысында да «Асар» деп аталатын оңалту кешенінің және тағы басқа құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бас сұққан бірінші нысан –180 орынға шақталған №4 орта мектептің жаңа ғимаратының құрылысы болды. Аталған мектептің құрылыс жұмыстарымен «Бірлік Сервис және Ко» ЖШС айналысуда екен. Мердігер, бұған дейін берген уәдесі бойынша, нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырғаны айтылды. Яғни, қазіргі таңда уақытша көрші №33 орта мектепте білім алып жатқан бұл мектептің оқушылары үшінші тоқсанда өз мектептерінде оқитын болады.

Мұнан соң әкім барған нысан – «Асар» оңалту кешенінің жаңа ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын. Таяу күнде асарлықтар жаңа ғимаратқа көшетін болады. Ғимаратта емдік дене шынықтыру кабинеті, логопед, психолог, социолог, сондай-ақ инва-такси диспетчерлік қызметі іске қосылатынын облыс басшысына баяндады. Бұдан бөлек, кешенде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс істеуі үшін бірден 7 шеберхана ашу жоспарлануда екен.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарын жеке бақылауында ұстауды тапсырды.

Жалпы, көне шаһардың «Тектұрмас» этно-тарихи кешені аумағында да бірнеше нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бердібек Сапарбаев жыл соңына дейін жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталуы тиіс екенін тағы да ескертті. Облыс әкімі іргелес аумақтағы абаттандыру жұмыстарына да ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа:

«Аязды күндер әлі келген жоқ, ал тұрғындар қазірдің өзінде-ақ пәтерлеріндегі суыққа шағымдана бастады. Барлық шағын аудандардан маған әлеуметтік желілер арқылы шағым түсті. Қазір ауа-райы жыли түсіп, мәселе өздігінен шешіле қалды. Алайда, нағыз аяз қысқанда не істейсіздер? Тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге міндеттісіздер. Сіздер үйлер мен әлеуметтік нысандарды тексеріп шығуға тиіссіздер, — деген болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01