Асарға ауыз су тартылады

Сайт әкімшілігі

20.08.2020, 10:38

193

Шымкент қаласының әкімі  Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында Асар-2 шағын ауданындағы ауыз су мәселесінің шешімін табатынын мәлім етті.

Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады.

«Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауыз суды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» — деген Гуля Спатайқызы аумақ тұрғындарының атынан келгенін жеткізді.

Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталғанын баяндады. Оның айтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350 млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңына дейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауыз су жүйесіне қосылады екен.

— «Асар-2» елдімекенін ауыз сумен толық қамтасыз етуге 1,5 млрд теңге қаржы керек. Бүгінгі таңда бюджет жылдың басында бөлінетін болғандықтан, ауданды толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Алайда, ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстарды жүргізуге бағыттаудың тиімді тұстарын қарастырамын. Бұл мәселе келесі жылы толық шешімін табады» — деді Мұрат Әйтенов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56