Астанада бір жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Сайт әкімшілігі

30.11.2022, 08:59

4268

Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды, — деп хабарлайды Жас Алаш Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол 2022 жылдың 21 қаңтарында түс ауа елордадағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жоғалған жігіттің әпкесі полицияға хабарласқан. Оны іздеуге Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу ісі қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамның болуы мүмкін жерлерін тексеріп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұхбат алды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Қостанайда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған елорда тұрғыны табылды.

Ол құмар ойында ұтылған ақшаға қарыз болып үйден кеткенін айтқан. Басылым мәліметінше, бұл жас дігіттің үйінен бірінші мәрте кетуі емес. Ол құмар ойынды бұрыннан ойнаған.

«Мен тергеушілер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Осы уақыт бойы полицейлер жиенімді іздеуді тоқтатпай, оны отбасына қайтарды», — деп бөлісті жігіттің ағасы.

Тегтер: Іздеу салу жоғалу Астана

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ 07:32
Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 11:26
Жамбылда университет жұмысшылары бас көтерді
Бектұрған ЛАҚАДЫЛ 31.01.2023, 13:46
Шағын ауданның аты затына сай емес
Сайт әкімшілігі 31.01.2023, 09:46
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам көлікте жанып кетті
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:24
ШҚО-да биылғы жылыту маусымында өрттен көз жұмғандар 16% артты
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:20
Төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16