Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады

Сайт әкімшілігі

03.03.2021, 10:53

1001

Атырауда түгел бір отбасына иіс тие жаздады. Төрт баланың анасы Нұргүл Бердіғалиева балаларын үйден алып шыққан соң есінен танып қалғанын айтты, — деп хабарлайды Ақ Жайық.

«28 ақпанда түскі астан кейін үйде ұйықтап қалдым, көзімді ашқанда басым қатты ауырды. Иіс сезілді, мен оның газ екенін бірден түсіндім, балаларға далаға шығыңдар дедім. Кішкентай баламды киіндіріп, жақындарым мен достарыма алып бардым. Балаларды әр түрлі мекенжайға апарып жүргенде өзіме мән бермеппін, құрбыма келгенде есімнен танып қалдым», — дейді Нұргүл Бердіғалиева.

Ол ауруханада есін жиған — түнгі екіге дейін оған медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол ауруханада қалудан бас тартқан, себебі балаларын әр түрлі жерде қалдырғысы келмеген. Сол күні ол 104-ке қоңырау шалған, қызметкерлер келіп, бітеме қойған, сол кезде отбасына басқа жерде түнеуге кеңес берген. Келесі күні таңертең — 1 наурызда — қызметкерлер тағы келіп, қазандық пен мұржаны ашып тексерген.

Нұргүл мен жарының өз үйі жоқ, пәтер жалдайды. Олардың 4 баласы бар — екі қыз бен екі ұлы. Кіші ұлы Ақниет — мүгедек, церебрал сал ауруы және ұстама синдром диагнозы қойылған.

«Мен 2016 жылдан бері баламның мүгедектігіне байланысты кезекте тұрмын, кезек қашан келетіні — белгісіз. Жарым қазір вахтада, ол қант диабетімен ауырады, бірақ мүгедектігіне (2-топ) қарамастан, ол жұмыс істейді. Өз баспанамыз болмаған соң, жалға аламыз. Бірақ бізді көбі үйі немесе пәтеріне кіргізбейді: көпбалалы отбасын проблема санайды. Бүкіл қаланы аралап шықтым, өйткені науқас балаға жағдай қажет, оны жиі жуындыру керек, үй әрдайым жылы болуы қажет», — деді Бердіғалиева.

Тегтер: оқиға ана мен бала газдан улану табиғи газ

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58