Атырауда Теңіз жұмысшыларының арасында індет жұқтыру толастамай тұр

Сайт әкімшілігі

28.12.2020, 10:15

1479

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы – Теңіз жұмысшылары. Бұл туралы Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаева айтты. 

Күнделікті ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қауіпті індетке шалдыққандардың басым көпшілігі – Теңіз кенішінің жұмысшылары екені анықталып отыр.

Әсел Мұқаеваның мәлімдеуінше, олардың саны коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталғаны туралы шұғыл хабарлама түскен бойда науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқушауланады" — деді Әсел Мұқаева.

Айта кетейік, карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы пайда болса дереу дәрігерге хабарласқаны жөн. Әрі қарай жергілікті емханаға медициналық бақылау үшін жіберіледі.

Науқастың жағдайы ауыр болса инфекциялық стационарға жатқызылады.

Вирус анықталған ошаққа дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Тегтер: індет коронавирус дерек дәйек ақпарат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11