Ауғандықтарға көмек көрсету жалғаса береді

Еркежан АРЫН

07.09.2021, 10:00

411

Ауғанстаннан Қазақстанға уақытша қоныс аударылған БҰҰ қызметкерлері жұмысын жалғастырып, мұқтаж ауғандықтарға өмірлік маңызы бар қолдау көрсетеді. Бұны БҰҰ өкілдері Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Олар журналистермен кездесуде сыртқы істер министрінің орынбасары ұсынған Қазақстан үкіметіне қонақжайлылық үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

       Бас хатшының арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы Дебора Лионс қызметкерлердің бір бөлігін басқа елге ауыстыру мүмкіндігі тәліптер Кабулды қабылдағанға дейін талқыланғанын түсіндірді және басты мақсат – БҰҰ-ның қауіпсіз ортада жұмысын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету. «Егер жағдай мүмкіндік берсе, халықаралық қызметкерлер Алматы мен Кабул арасында жұмыс істейді», – деп түсіндірді ол.

       Алматыға БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек миссиясының халықаралық қызметкерлері мен БҰҰ-ның түрлі агенттіктері ғана көшті. «Қақтығыстың осы кезеңінде біз халықаралық персоналға төнетін тәуекелді барынша азайтуға міндеттіміз, сонымен бірге жергілікті жерде, аймақта және көршілес елдерде өмірлік маңызды қолдауды жалғастыру үшін адамдардың жеткілікті болуын қамтамасыз етеміз», – деді Дебора Лионс. Ол бұл шешім БҰҰ-ның жергілікті серіктестерімен және қазіргі Ауғанстанның бұрынғы билігімен қоса, өте маңызды талқылаулардың нәтижесі екенін айтты.

       «Елден кетпеуін сұраған БҰҰ «Талибанмен» қарым-қатынас орнатуға тырысып жатыр ма?» деген сұраққа Лионс БҰҰ агенттіктері мен миссиясы «Талибан» көшбасшыларымен байланыс орнатуға тырысатынын түсіндірді. Бұл ауғандықтарға көмек көрсетуді жалғастыру үшін қажет және ел халқының жартысы оған мұқтаж боп отырғаны анық. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі атап көрсеткендей, көмек кімге арналса, соны жеткізе білу өте маңызды, ал қазіргі жағдайда бұл іс жүзінде биліктің келісімі бойынша ғана мүмкін.

       БҰҰ құқықтық жүйесі шариғат заңына негізделген көптеген елдерде жұмыс істейді және бұл оның қызметі мен жергілікті билік органдарымен ынтымақтастыққа кедергі келтірмейді. Бұл арада, десе де, көп нәрсе «Талибан» шариғатының қандай түсіндірмесін ұстанатынына байланысты және БҰҰ мұны өз басшыларымен талқылағалы жатыр.

        БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторей Ауғанстаннан келген әріптестеріне әртүрлі көмек көрсететінін, бірақ олардың негізгі міндеті әлі де болса Қазақстан азаматтарына қолдау көрсету екенін айтты. Микаэла Фриберг-Сторей мен Дебора Лионс Қазақстан үкіметіне қонақжайлылығы үшін, көшуді жақсы ұйымдастырғаны үшін және осы қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

       ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, Алматы қаржылық және іскерлік белсенділіктің аймақтық орталығы мәртебесіне байланысты БҰҰ-ның уақытша тұрағы ретінде таңдалды. «Қалада дамыған инфрақұрылым, сонымен қатар әлемнің басқа елдерімен ыңғайлы әуе байланысы бар. Біздің елдің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жоғары беделі де үлкен маңызға ие. Алматыны көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық орталығы деп атауға болады», – деп қосты Ақан Рахметуллин.

        Қалада БҰҰ-ның 18 агенттігінің кеңселері бар. Қазақстанның оңтүстік астанасында БҰҰ миссиясының уақытша кеңсесінің орналасуы «қаланың БҰҰ аймақтық хаб ретінде мәртебесін одан әрі нығайтуға жақсы көмекші болады». Министр орынбасары айтқандай, БҰҰ-ның Алматыдағы уақытша офисінің орналасуы алты айға есептелген, бірақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48