Ауыл ауызсуға жарымай отыр

Еңлік АБАҒАН

24.08.2021, 17:00

739

Қоғалы ауылдық округіне қарасты Тастыөзек ауылының тұрғындары ауызсуды көрші ауылдан тасып ішеді. Қызығы жақын орналасқан Жайнақ, Қоғалы ауылдары ауызсудан қиыншылық көрмейді. Жергілікті тұрғындар елді мекенде ауыз су мүлдем болмағанын айтады.  

Ауыл жұрты суды 10 шақырым жерден тасуға мәжбүр. Онымен қоса ойдым-ойдым жолдармен су тасу оңай емес. Бұл жерде туылғалы бері тұратын Қанат, есін білгелі айдаладан су тасып жүргенін айтады.

“Ауылдан 10 шақырым жерден тасимыз суды. Сол жерде құдық бар. Соған флягтарымызды апарып, толтырып әкеліп қоямыз. Қысты күні қиын су тасыған. Мұздан құлап қалып, бір жеріңді мертіктіріп алмайсың ба деп қорқасың. Қайта-қайта бара бермес үшін 2-3 күнге жететіндей толтырып қоямыз”, — дейді Тастыөзек ауылының тұрғыны Қанат.

“Әкімдікке айтып-айтып шаршағанбыз ғой. Әйелдер барып әкімдікке айтады-айтады, ол уәде береді. Уәде бергеннен пайда жоқ. Жиырма бірінші ғасыр дегені болмаса, қазір цивилизация жоқ болып тұр ғой бізде”, — дейді тағы бір Бақытбек есімді тұрғын.

Аудан әкімдігінің айтуынша, шағын ауданға су тартылып жатыр. Ауыл ішіне су келіп тұр. Бұл туралы Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Раушан Бисембекова:

“Ауылдың ауызсу мәселесіне келетін болсақ, ауыл ішіне ауызсу өз еркімен (самотек) келіп тұр. Қазіргі таңда ауыл ішінде тұрғындардың 30%-ы ауыз суды құдықтан ішіп отыр. Ауыз судың жобалау сметалық құжаттамасына ақша бөлініп, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.  Нәтижесі күтілуде”, — деп жауап берді.

Жергілікті атқамінерлер ауыл ішіндегі шешілмей жатқан мәселелерден хабардар. Олардың айтуынша, ауылдағы түйткілдерді рет-ретімен шешпек.

Тегтер: ауыз су мәселе әкім жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49