«Ауыл ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынады

Сайт әкімшілігі

23.11.2021, 20:52

113

Түркістан облысы бойынша 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 302 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 16,1 млрд.теңге бөлінді.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба аясында өңірде қосымша 8 мектеп салынып, 10 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бір дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеумен қамтылуда. Сонымен бірге 2 спорт нысаны, 2 мәдениет нысаны, 15 табиғи газбен қамтамасыз ету және 13 электр қуатымен жабдықтау нысаны да жоспарға сай салынып жатыр. 300-ге жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асыру барысы тұрақты бақылауда. Өз сөзінде Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 291 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 25 нысан келер жылға өтпелі. Бүгінгі таңда 209 нысанның жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылданды. Оның ішінде 4 мектеп, 3 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден, 201 көше орташа жөндеуден өтті, және 1 электрмен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталды.

Қалған нысандар кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде жыл қорытындысымен 86 елді мекенге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 10 елді мекендегі мектеп және 4 елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдары күрделі жөндеуден өтіп, бір елді мекенде жаңадан 75 орындық дәрігерлік амбулатория, 1 елді мекенде спорт кешені және 2 елді мекенге мәдениет нысандары бой көтерді. 10 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 9 елді мекенге жаңа электр жүйелері тартылады. 49 елді мекенде ұзындығы 390 шақырым 255 көше орташа жөндеуден өтеді.

Өңір басшысы жауапты өкілдерге аталған нысандарды сапалы әрі уақтылы тапсыруды, ауылдың еңсесін тіктейтін жобаларға жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17