Ауыл көркейсе – тұрғындардың әлеуметтік жағдайы да көтеріледі

Сайт әкімшілігі

24.12.2020, 09:10

212

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ел абыройын асқақтатып жүрген небір дүлдүлдер мен дарындар қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында дүниеге келді. Сондықтан ауыл –  ел бесігі деп бекерге айтылмаған.

Таусылмас рухани қазынамыз, тұнып тұрған тарихымыз да сонда. Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі.

«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.

Бұл ретте Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов өзі басқаратын аудандағы ауылдардың ахуалы жайында сөз қозғады.

«Бүгінгі таңда ауылдарымыздың жолдары жөнделіп, ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Бүгінде ауылдардың тиісті мемлекеттік бағдарламалар аясында дамуына айрықша назар аударылуда.

Қазақстан Республикасың Тәуелсіздік күні мерекесі мен жаңа жыл қарсаңында Сарысу ауданында қуантарлық оқиғалар көптеп орын алуда.

2020 жылды айшықты істермен, жүйелі жұмыстармен аяқтауға жақын ауданымыздағы ауылдық округтерде де қуанышты жаңалықтар орын алуда.

Осындай қуанышты жәйттің бірі 1720  тұрғын тұратын Жаңарық ауылдық округіне қарасты Ұ.Сыздықбайұлы және Ақтоғай елдімекендерінде.

Ұзақ жылдар бойы халықтың арманына айналған ұялы байланыс жүйесі осы жылдың соңында оң шешімін тапты.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жарық мәселесі де өзекті болатын.

Осы аталған екі басты мәселе оң шешімін тауып, ауылдықтардың қуаныштарын көріп отырмыз.

Атап айтқанда, екі ауыл орналасқан Жаңатас – Тараз бағытындағы үлкен жолдың бойына диодты жарықшамдар орнатылды.

Сонымен қатар, Ұ.Сыздықбайұлы ауылында Актив және Ақтоғай ауылында Билайн ұялы байланыс жүйесі интернет желісімен қоса қосылды.

Ауыл тұрғындары мен Ақтоғай ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы С.Аппазов, Ұ.Сыздықбайұлы ауылының ардагері Е.Тілеубаев және қашықтықтан білім алып жатқан оқушылар мен білімгерлер «Нұр Отан» партиясының, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың сындарлы саясатына, осындай істерге қамқорлық танытқанына алғыстары шексіз, ризашылықтарын білдіруде. Ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған ауқымды жобаның арқасында аудан орталығымен қоса барлық ауылдық аймақтардың келбеті ажарланып, абаттандырылуда»,- дейді аудан әкімі Жақсылықов Бақытжан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08