Ауыл шаруашылығы экспорты 5 есеге өсті

Сайт әкімшілігі

17.02.2021, 18:51

175

Өткен жылы Түркістан облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортының көлемі 5 есе өсіп, 105,1 млн. АҚШ $ -ға жетті. Биыл да бұл көрсеткішті арттыру көзделген. Осылайша Түркістан облысында бес жылдық жоспар қысқа уақытта артығымен орындалып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде мәлім болды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы барысын баяндады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде агроөнеркәсіп кешеніндегі бір жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 2500 мың теңгені құрап, 2,2 есе өскен.

Облыста мал басының өсімі екі жылда 13% артқан. Аналық ірі қара малды импорттау мен тұқымдық түрлендіру бойынша Түркістан өңірі елімізде 2-орында. Бұл мақсатта үш жылда 20 мыңға жуық мал сатып алынған. 2 жылда жалпы мал өнімінің өсімі 8,5% артты. Биыл да бұл көрсеткіш едәуір артпақ.

Облыста су каналдары күрделі жөндеуден өтуде. Күл-қоқыстан тазартылып, жаңаруда. Түркістан облысындағы барлық су арналары цифрлық жүйеге көшеді. Аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жұмыстардың тез арада жүзеге асуын тапсырды. Су арналарын механикалық тазартудан өткізіп, бетонмен қаптап, ретке келтіру барлық аудан, қала басшыларына жүктелді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31